5 — сынып ата-аналарына ұсыныстар

АТА-АНАЛАРҒА КЕҢЕС

Бастауыш білім беру бұл – ересектер әлеміне, саналы өмірге бастау, және баланың кім және қандай болып өсетіні оның жетістіктеріне байланысты.

Ата-аналарға бейімделу мерзімі бірнеше айға созылып кетуіне дайын болуы керек. Балаға көмек керек және бірінші кезекте ол өзіне ең жақын ата-анасының қолдауына мұқтаж.  Сол себепті де ересектерге бар күш-жігерімен баласына қолдау көрсетуге талпынуы керек.

  1. Баланы жайлап оятыңыз: оянғанда ол сіздің күлімдегеніңізді көріп, еркелеткен дауысыңызды естісін. Таң атпай оны ұсақ — түйекпен асықтырмаңыз, кеше ескерткен болсаңыз да, қателіктері мен жаңсақтықтары үшін кінәламаңыз.
  2. Баланы мектепке таңғы ассыз жібермеңіз: мектептегі тамақтануға дейін оған көп

жұмыс істеу керек болады.

  1. Қоштасарда ескерту, ақыл айтыңыз. Балаға сәттілік тілеңіз.
  2. Бүгін қандай баға алдың деген сөзді ұмытыңыз. Мектептен кейін баланы байыпты қарсы алыңыз, оған көп сұрақтар қоймаңыз, босаңсуға мүмкіндік беріңіз.
    5. Егер балаңыздың ренжулі, бірақ үндемейтінін байқасаңыз, сұрап қинамаңыз,

саябырланған соң өзі айтады.

  1. Мұғалімнің ескертуін ести сала, ұрсысуға асықпаңыз, мұғаліммен баланың қатысуынсыз сөйлесуге тырысыңыз.
  2. Мектептен келе балаға сабақ орындауға асықтырмаңыз, күш жинауға 2 — 3 сағат

қажет (1 сыныпта 1, 5 сағат ұйықтап алғаны жақсы). Сабақ дайындауға тиімді уақыт — 15 — 17 сағат аралығында.

  1. Бір отырғаннан барлық сабақты орындатпаңыз, 15 — 20 минут сабақтан кейін 10 — 15 минут үзіліс қажет.
  2. Сабақ орындағанда үстінен төніп тұрмаңыз, өзіне жұмыс істеуге мүмкіндік беріңіз, бірақ сіздің көмегіңіз керек болғанда сабырлық сақтаңыз. Байыпты сөйлеп,

қолдау, мақтау қажет.

  1. Баланың бас ауруына, шаршауына, көңіл — күйінің нашарлауына шағымданса, назар салыңыз. Бұл көбінде қажудың, сабақтағы қиналудың басты көрсеткіштері болады.

 

Ата-аналарға кеңес

 

  • — Балаңызды жетістіктері үшін емес, ол қандай болса да жақсы көретініңізді көрсетіңіз.
  • — Балаңызды басқа баламен салыстырмаңыз.
  • — Балаңызбен күнде бірге болуға уақыт табыңыз.
  • — Баланы жетістіктері үшін мақтаңыз. Бала

жетістікке жеткенде сіздің қолдауыңызды сезінуі тиіс.

  • — Бала бойында  сенімділікті орнатыңыз: мысалы: «Мен-ақылдымын», «Мен- батылмын», «менің қолымнан бәрі келеді».
  • — Баланы жақсы көріңіз! Баланың ата-анасы емес досы болуға тырысыңыз.
  • — Өз балаңызға сеніңіз. Сіздің сеніміңіз баланың жағымды істерін жүзеге асыруға көмектеседі.
  • — Баланы құшақтап, мақтауды ұмытпаңыз.

 

  • — Балаға мыналарды түсінуге мүмкіндік беріңіз:

 

  • «Егер саған қиындық туындаса,

мен саған міндетті түрде көмектесем және міндетті түрде түсінік танытам, және де біз бірге барлық қиындықтарды бірге жеңеміз.

Балаңызға көптеген мүмкіндіктермен өзіңізге сенім!

Сізге әрқашан сәттілік!

Есте сақтаңыз:

Ол ең үздік!

 

№1 орта мектеп

 

Отбасында, мектепте, қоғамдық орындарда үлкендер мен бала арасындағы сыйластық махаббат пен мейірімділік – шапағат шуағы мен ізгілік нұрына бөленуі тиіс. Өйткені, біз баланы – адал еңбек етіп, елін сүюге тәрбиелеп отырмыз. Сондықтан, ұл-қызымызға көзбе-көз айтқан сөзіміз, берген тәрбиеміз жүректен жүрекке жетсе, қандай ғанибет!».

 

С.А.Назарбаева

 

 

Бейімделу кезеңіндегі қиындықтар:  

  • Балалардың мінезі өзгереді;
  • Тез шаршайды;
  • Көңіл-күйілері бұзылады;
  • Оқу үлгерімі төмендейді;
  • Мазасыздық, қобалжу сезімдері жиілейді.

 

«5-ШІ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АТА-    АНАЛАРЫНА ПСИХОЛОГТЫҢ ҰСЫНЫСЫ»

Бесінші сыныпта оқыту жағдайы түбегейлі өзгереді. Балалар негізгі мұғалімнен «сынып жетекші» жүйесіне, сабақ беруші ұстаз – мұғалімге ауысады. Сабақтар әр түрлі

кабинеттерде жүреді.

Негізінен бастауыш сыныптан орта буынға көшу балалық шақтың аяқталуымен сай келеді. Тәжірибе көрсеткендей бұндай кезеңді көптеген балалар өз өмірлеріндегі ең негізгі кезең деп қабылдайды. Олар өздерінің «кіші сыныптағы оқушымын» деп санамайды, және бұл кезеңді мақтан тұтады.

Бастауыш сыныптан орта буынға көшу оқушының психикасының жүктемесінен өсуімен байланысты. Психологиялық және психофизиологиялық зерттеулер көрсеткендей оқушылар жаңа оқу барысына бейімделу кезеңін бастан кешіреді.

Оқытудың шарттарының күрт өзгеруі, талаптардың әр түрлі болуы, бастауыш сыныптағы «үлкен» деген атаудан күрт «ең кішілер» деген позияцияда болуы оқушы психикасы үшін күрделі тәжірибе болып табылады.

 

Баламен мектептегі өмірі туралы әңгімелесіңіз:

Балаңыздан өзінің сыныптастары жайлы, сыныптағы іс-әрекеттер жайлы, мектептік пәндер туралы, ұстаздар туралы сұраңыз.

Сынып жетекшімен әрқашан тығыз қарым-қатынаста болыңыз.

Балаңыздың үлгерімі үшін алған бағасын өзіңіздің  жазалау немесе мақтау  жүйесі есебінде қолданбаңыз.

Балаңыз оқитын мектептің ерекшеліктері мен бағдарламасын білгеніңіз жөн.

Педагогикалық ұжым, ата-аналар комитеті ұйымдастыратын барлық іс-шараларға қатысыңыз.

Балаңызға үй тапсырмасын орындауға көмектесіңіз, бірақ өзіңіз орындап бермеңіз. Балаңызбен мектепте үйге берілген тапсырманы орындау үшін арнайы уақытты белгілеңіз де, сол уақыттың әркез орындалуын қадағалаңыз. Бұл оқуға деген жақсы әдеттің қалыптасуына көмектеседі.

Балаңыздың орта буынға көшуіне байланысты болатын өзгерістерді ескере отырып,  жанұяңызда қалыпты атмосфераны орнатуға тырысыңыз.

Балаңыздың бос уақытын ұйымдастыруына, тамақтануына баса назар аударыңыз.

Қозғалысты аз жасау, таза ауада аз демалу баланың физиологиялық дамуына әсерін береді. Қозғалыс жаттығулары мен ой еңбегін алмастырып отыруға жағдай жасаңыз.

Үй тапсырмасын орындауда дұрыс отыруына, жарықтың дұрыс  түсуіне баса көңіл бөліңіз. Жақыннан көруді, түзу отыруын бақылап, түзетіп отырыңыз.

 

Ата-аналарға арналған тәрбиелеудің алтын ережесі.

Балаңызды жақсы көріңіз және ол ешқашан оған күмәнданбасын.

Баланы қандай болса, солай қабылдаңыз – барлық абыройы мен  кемшілігімен қабылдаңыз.

Баланың жақсы қасиеттерін көріңіз, оның  мүмкіншіліктеріне сеніңіз.

Балаңызды түсінуге ұмтылыңыз, оның ойы  мен  сезіміне тереңірек сезінуге тырысыңыз, жиірек оның орнына өзіңізді  қойыңыз.

Баланың жетістігі үшін оған жағдай жасаңыз, ол өзін мықты, епті және жолы болғыш сезіну үшін жағдай туғызыңыз.

Өзіңіздің орындалмаған мақсаттарыңыз бен  тілектеріңізді балада іске асыруға ұмтылмаңыз.

Баланы сөз емес, өзіңізден  көрсетілген үлгі тәрбиелейді.

Өз балаңызды басқа баламен салыстырмаңыз, әсіресе  оны үлгіге қоймаңыз. Әр баланың ерекше екенін,  қайталанбайтынын  есте сақтаңыз.

Бала өзіңіздің қалауыңыз бойынша өседі деп үміттенбеңіз. Баланың тәрбиесіне тек қана сіз жауапты екеніңізді ұмытпаңыз.

Сондықтан   ата- аналар тарапынан «Тәрбиелеудің алтын заңының» ережелері орындалып жатса,  сіздердің балаларыңыз,  сіздерге тек қуаныш әкеліп, жақсылыққа қарай ұмтылады.

Сонымен қорытындылай келе, бастауыш сыныптан оқушылардың ортаңғы буынға ауысуында   балаларды тәрбиелеуде сіздерге  сәттілік тілеп, біріккен жұмыс атқаруға үмітімді  білдіремін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа