1-сынып ата аналарына кеңестер;

1-сынып ата-аналарына кеңес

 

1.Өз балаңыздың ерекшелігін тани біліңіз. Оның маңыздылығын сездіруге тырысыңыз. Балаңыздың бастамалары мен дербес жасаған әрекеттеріне шынайы түрде қуана біліңіз. Мәселен: «Жарайсың, соңғы уақыттарда сен маған әжептәуір көмек жасап жүрсің», «Сен жасаған мына дүние ерекше екен», «Ұсынысың керемет» деген сияқты қолдануға болады.

  1. Балаңыздың өмірін басқаруға ұмтылмаңыз. Оның өзі атқара алатын ісіне араласудың қажеті жоқ. Шамаңыз келгенше, балаңыздың ақыл кеңесіне құлақ асуға тырысыңыз. Мұндай кездерде: «Сен керемет тамаша баласың», «Сендей баламыздың болғанына қуаныштымыз» деген сөздерді қолдануға болады.
  2. Ерлі-зайыпты адамдар баланың көзінше бір-бірлеріне өкпе-наз айтып, реніш білдіруге тырыспауы керек. Әсіресе, бала бар жерде «Басымды қатырмашы», «Өзің бәле болдың ғой», «Осыны саған күніне мың рет қайталаймын» деген сияқты дөрекі сөзден ата-ана өздерін мейлінше тыйып ұстаған абзал.
  3. Балаңызға бұйрықты түрде қатты сөйлеуден, бір нәрсені күштеп істетуден, намысына тиетін сөздерден аулақ болыңыз.
  4. Балаңызбен жиі бірге болуға тырысыңыз. Сіздің жан жылуыңыз бен аймалауыңызды қажетсінген кездерде сырт айналмаңыз.
  5. Балаңыздың қате басқан қадамы болса, оны бірден жазалауға ұмтылмаңыз. Шын мағынасында, жазалау- бала тәрбиесіндегі дөрекі де өнімсіз құрал.
  6. Балаңыздың ішкі жан-дүниесі өте нәзік те сезімтал екендігін есіңізден әсте шығармаңыз. Ішкі жан-дүниедегі құбылыстар, талпыныстар, түрлі өзгерістер оның болашақта тұлға ретінде қалыптасуында үлкен рөл ойнайтынын ұмытпаңыз.
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа