Құрметті ата-аналар

Өмірдегі қиын жағдайлардан шығу жолдарына ұсыныстар


  1. Жағымсыздықтан аулақ бола біліңіз.

Бұл үшін мынаны есіңізде сақтаңыз:

— қаншалықты қиын жағымсыз нәрсе болса да, жаман ойлардан аулақ болуға үйреніңіз.

 (психолог көмегі әдетте не үшін қажет болады);

— өзіңіздің жағымсыз көңіл күйіңізді айналаңызға жаймаңыз;

— әрдайым ақылды және сыпайыгершілікте болыңыз;

— қандай жағдай болса да, өмір жалғасын

табатындығын ұмытпаңыз!

  1. Ең алдымен өзіңізге талап қоя біліңіз!

Ол үшін:

— өзіңіздің қолыңыздан келмейтін нәрсені басқадан талап етпеңіз;

— өзіңіз бере алмайтын нәрсені басқадан күтпеңіз;

— шектен тыс талап қоймаңыз;

— барлығын өз әдетіңізден немесе өз үлгіңізбен жасауға тырыспаңыз;

— адамнан жағымды жағын қарастырыңыз, сол қасиеті арқылы қарым-қатынас жасауға тырысыңыз.   


  1. Ашу, ыза – адамдармен қарым-қатынастағы жаман кеңесші.

Ашудан қашу үшін:

— Ашуға берілмеуге тырысыңыз. Ашуға берілсеңіз тоқтаңыз, үзіліс жасаңыз;

— ашуыңызды келтірген жағдайдың барлығын еске түсіріп ойласаңыз, сіздің де кінәңіз басқадан көп болмаса аз еместігін байқайсыз;

— ашу ешқашан жақсылық әкелмейтіндігін ұғыныңыз;

— ашуды басу үшін ең жақсы бәсеңдік – ол қозғалыстағы жұмыстар, еңбек және шығармашылық жұмыс.

  1. Егер сіз әділ болмасаңыз, кешірімді бола біліңіз.

Есте сақтаңыз:

— бірбеткейлік жақсылыққа апармайды;

— қарсыласыңызды мұқият тыңдауға тырысыңыз, оны құрметтеңіз;

— өз көзқарасыңызға сыншы болыңыз: өз көзқарасыңызды әрдайым дұрыс деп санамаңыз.

  1. Біз адамбыз, сондықтан әрқайсымызда кемшілік жоқ емес бар.

Бұны әрқайсымыз есімізде сақтауымыз керек:

— Біз бәрін білеміз деп айта алмаймыз: кейбір жағынан мықты болсақ, кейбір жағынан әлсізбіз;

— өзіңізді біреуден жақсы, біреуден жаманмын деп ойламаңыз, басқаны да, өзіңізді де төмендетпейтін тепе-теңдік бағалауды алыңыз.

  1. 6. Жағымсыз нәрселерді бойыңызда сақтамаңыз!

Адамгершілік тәжірибесінен:

— өз жағымсыз ойыңызбен немесе қайғыңызбен жалғыз қалмауға тырысыңыз;

— өзіңізге көмек бере алатын қабілетті адам іздеңіз;

— өзіңіз кеңпейілді, ақылды, нақты болыңыз.

  1. Салютогенді ойлауды қалыптастырыңыз

Кез келген жағдайдан  жағымды сәттерді іздестіріңіз.

Ол үшін:

— танып білу;

— қабылдау;

— одан шыға алатын өзіндік ойың болу қажет.

 

ӨМІРДЕГІ ҚИЫН  ЖАҒДАЙЛАРДАН ШЫҒУ  ЖОЛДАРЫНА  ҰСЫНЫСТАР

 

 

 

 

Адам айналасындағы болып

жатқандардан емес,

айналасындағы болып жатқанды

бағалаудан зардап шегеді.

 

Монтень

 

Ата-аналарға ұсыныстар

 

  1. Балаға жеке тұлға ретінде құрмет көрсете білген жөн.
  2. Отбасында жақсы, қолайлы эмоционалды атмосфераны сақтау
  3. Оқуға деген оқушының қызығушылығын қолдап, дамыту.
  4. Балаға денсаулық сақтау ережесін түсіндіріп, осыған байланысты қажетті дағдыны дамыту.
  5. Жетістігін әрқашан мадақтап отыру («Сенің қолыңнан келеді, сен қабілеттісің») оқудағы сәтсіздіктеріне аса көңіл бөлмеген жөн.
  6. Баладан аса жоғары қорытындыны және бағаны талап етпеген жөн.
  7. Жаңа білім алу қаншалықты қажет екендігін және өзінің қабілеттерін дамыту керек екендігін әрқашан түсіндіріп отыру.
  8. Баланы қозғалыс белсенділігі арқылы жазаламау (таза ауада басқа балалармен бірге серуендеуге тыйым салмау).
  9. Күн тәртібін қатаң сақтау.
  10. Теледидар бағдарламалары мен компьютер ойындарын сенбі күнге көшіру (уақытты үнемдеу мақсатында).
  11. Демалыс күндері отбасымен таза ауада серуендеу, табиғат аясына шығу.
  12. Үй тапсырмасын (90 минуттан артық емес) орындау кезінде сергіту жаттығуларын жасау, баланың сымбатын қадағалау.
  13. Баланың зейіннін жұмылдыруда мына ережелерді естен шығармаған жөн «Үлгер», «Жан-жағына қарамай, бәрін өзің жылдам орында, Басқа нәрсеге көңіл аудармай, іспен шұғылдан!»
  14. Жетісіне екі рет арқа бұлшық еттерін қатаюту мен сымбатты болуы үшін 7 комплекстен тұратын жаттығуды баламен бірге жасау.
  15. Жақсы көңіл –күйде болу үшін баламен бірге ән арқылы жиі саусақ жаттығуларын жасау.
  16. Мектептен кейін баланың таза ауада 30-60 минут серуендеуін қадағалау.
  17. Балаға ұйықтар алдында жылы ванна қабылдауды ұсынып, көзін жұмып, қозғалмай жатуын қадағалау.
  18. Баламен керуетінде бірге отырып, оны сүйіп, ертен оған барлығы сәтті жақсы болатындығын және ол ақылды да мейірімді екендігін айту.
  19. Баланы қалықтатып баяу оятуды қадағалау (бала 10 минуттай керуетте жату қажет).
  20. Баламен бірге су тигиеналық прцедураларын қабылдау, содан кейін бөлмені желдетіп-музыкамен ертеңгілік жатығу жасау.
  21. Таңғы астан бұрын балаға жемістен немесе көкөністен жасалған шырын берген жөн.
  22. Тамақ дайындауда минералдарды, ақ уызды, жеңіл углеводтарға, дәрумендерге толы азық-түліктерді қолданған жөн.

 

 

 

 

 

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа