Іс-шаралар

«Мүмкіндігі шектеулі оқушылардың кластан тыс және оқудан тыс іс-әрекеттері»

2018 жылдың 16 қаңтарында «№ 1 орта мектеп» КММ-де инклюзивті білім беруді ұйымдатсыру мен жүзеге асыру жұмыстары бойынша жалпы орта білім беретін мектеп мұғалімдері мен мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиешілеріне арналған қалалық семинар болып өтті.

Семинарға мектепке дейінгі оқыту және бастауыш білім беру бөлімінің басшысы Г.У. Шалабаева, Ақтөбе облыстық ресурстық орталықтың үйлестірушісі А.К. Нурсейітова және бала бақша тәрбиешілері қатысты.

         Күн тәртібінде қалалық мектептердің инклюзивті білім беруді енгізу мәселелері қарастырылды.

         Семинар № 1, № 33, № 60 мектеп психологтары мен мұғалімдерінің, директор орынбасарларының ұйымдастыруымен өткізілді.

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа