Саяси құқықтық тәрбие

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет енгізу                    туралы                                                                         

 

Рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу контекстінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті мектеп ортасында қалыптастыру үшін және Тұжырымдамалық  тәрбиелеу негіздеріне сәйкес дайындалған және бастауыш, негізгі орта, жалпы  орта білім беру бағдармалары бойынша оқитын балаларға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы тәрбиелік іс-шаралар ұйымдастыруды қамтитын тәрбие жұмысын жүргізу тәртібіне сәйкес

БҰЙЫРАМЫН:

  1. Тәрбие жұмысын ұйымдастыруда көмек көрсету үшін «Адал Ұрпақ» атты ерікті мектеп клубы құрылсын.
  2. «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубының 2017-2018 оқу жылына арналған жұмыс жоспары бекітілсін.
  3. «Адал Ұрпақ» клубының жетекшісі ретінде аға тәлімгер Раушан Талгатовна Нурымова тағайындалсын.
  4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау директордың тәрбие орынбасары С.П.Субханкуловаға, С.У.Унгароваға жүктелсін.

 

 

 

Мектеп директоры                                Ж.И.Муханова

______________________________________________________________________________________________

 

№ 1 орта мектебінде 2017 жылдың 24 қараша күні «Біз жол қауіпсіздігі үшін» атты іс-шара өтті. Іс-шара 5 класстар өткізілді. ФОТО Нажмите здесь

______________________________________________________________________________________________

Бүгін 29.11.2017 жылы № 1 орта мектепте 9-10-11 кластар арасында «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бірыңғай сағаты» өткізілді. Қатысқан бала саны -133. ФОТО Нажмите здесь

______________________________________________________________________________________________

№ 1 орта мектебінде 20-30 қараша аралығында Дүниежүзілік Балалар күнінене арналған «Бала құқығы-адам құқығы» атты онкүндік өтуде. Бүгін онкүндік аясында «Балалық шақ-зорлық, зомбылықсыз» тақырыбында оқушылар қатысуымен тренинг ұйымдастырылды. ФОТО Нажмите здесь

______________________________________________________________________________________________

Жасөспірімдер арасындағы қылмыстардың алдын алу және ескерту, кәмелетке толмағандардың түнгі мезгілде үлкендерсіз жалғыз жүруіне, түнгі уақытта ойын-сауық орындарында болуына, жұмыс істеуіне жол бермеу, құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында ағымдағы жылдың 19-24 ақпан аралығында «Жасөспірім – Заң- Қауіпсіздік» атты республикалық акция  ұйымдастырылды. Аталған акция аясында №1 орта мектеп мұғалімдері ішкі істер органдар қызметкерлерімен бірлесе түнгі рейдке шықты, сонымен қатар мектеп оқушылары ішкі істер органдарының арнайы мұражайына барып, жақсы әсерлерімен бөлісті. ФОТО Нажмите здесь

______________________________________________________________________________________________

22.02.2018 жылы №1 орта мектебінде «Мектептегі қабылдау» акциясы аясында кездесу ұйымдастырылды. Кездесуге  Ақтөбе облысының ІІБ ЖПҚ бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Ж.Л.Макареевич, Сазды ПБ ЖБҚ бастығы, полиция подполковнигі  О.Ә.Абдигали  қатысты.Кездесуге келген тұлғалар өз сұрақтарын қойып, оларға жауап алды. ФОТО Нажмите здесь

______________________________________________________________________________________________

Жасөспірімдер қылмысының алдын алу, кәмелетке толмағандардың алькогольді сусындарды, темекі бұйымдарын сатып алу, оқушылардың ойын сауық орындарында және түнгі уақытта үй-жайларынан тыс жерлерде болу фактілерін анықтау  мақсатында «N1 ОМ» КММ-нің мұғалімдерінен құрылған кешкі кезекшілік өз жұмысын атқарды.  ФОТО Нажмите здесь

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа