Мектеп бітірушілердің қортынды аттестациясы

125 приказ МОН РК 47 Нажмите здесь…

2017-2018 оқу жылының аяқталуы жөніндегі

бұйрық Нажмите здесь

_________________________________________________________

 

______________________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2008 жылғы 18 наурыздағы
№ 125 бұйрығымен бекітілген

Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу
бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім
алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және
қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі ережесі

Ескерту. Үлгі ережесі жаңа редакцияда — ҚР Білім және ғылым министрінің 16.11.2016 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) № 660 бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

  1. Осы Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі ережесі (бұдан әрі — Ереже) «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы19) тармақшасына сәйкес әзірленді және меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттаудың тәртібін айқындайды.
    2. Осы Ережеде мынадай анықтамалар қолданылады:
    1) білім алушылардың үлгерімін ағымдық бақылау — бұл жалпы білім беретін оқу бағдарламасына сәйкес ағымдағы сабақ барысында мұғалім жүргізетін білім алушылардың білімдерін жүйелі тексеру;
    2) білім алушыларды аралық аттестаттау — білім алушылардың бір оқу пәнін оқып аяқтағаннан кейін оның бөлігінің немесе барлық көлемінің мазмұнын меңгеру сапасын бағалау мақсатында жүргізілетін рәсім;
    3) білім алушыларды қорытынды аттестаттау — білім алушылардың тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында қарастырылған оқу пәндерінің көлемін меңгеру дәрежесін анықтау мақсатында жүргізілетін рәсім.

2-тарау. Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау,
аралық аттестаттау жүргізудің тәртібі

  1. Білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылауды барлық оқу пәндері бойынша мұғалімдер 2-11 (12)-сыныптарда оқу жылының бірінші тоқсанынан (жарты жылдығынан) бастап жүргізеді.
    1-сыныптың бірінші жартыжылдығында оқу материалын меңгеру деңгейіне баға қойылмайды.
    4. 1-11 (12)-сыныптардың білім алушыларының пәндер бойынша жылдық бағасы тоқсандық (жартыжылдық) бағалардың негізінде қойылады.
    5-11 (12) сыныптардың білім алушыларының пәндер бойынша қорытынды бағасы тоқсандық, жылдық және емтихан бағаларының негізінде қойылады.
    Тоқсандық, жартыжылдық, жылдық және қорытынды бағаларды қайта қарауға рұқсат етілмейді.
    5. Бір немесе екі пәннен қанағаттанарлықсыз бағалары бар 2-4-сыныптардың білім алушылары үшін ауызша, жазбаша немесе тест тапсырмалары нысанындағы бақылау жұмыстары қайта ұйымдастырылады. Бақылау жұмыстарының қорытындысы бойынша «3», «4», «5» деген бағаларын алған білім алушылар келесі сыныпқа көшіріледі.
    6. Бір немесе екі пәннен қанағаттанарлықсыз бағалары бар 5-8 (9), 10 (11) сыныптардың білім алушылары аралық аттестаттауға жіберіледі.
    Үш немесе одан да көп пәндерден қанағаттанарлықсыз бағалары бар 2-8 (9), 10 (11) сыныптардың білім алушылары аралық аттестаттауға жіберілмейді, қайта оқу жылына қалдырылады.
    1-сынып білім алушылары психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның ұсынымдары және ата-аналардың (баланың заңды өкілдерінің) келісімі бойынша қалдырылған білім алушыларды қоспағанда, қайта оқу жылына қалдырылмайды.
    7. 5-8 (9), 10 (11) сыныптардағы білім алушыларды аралық аттестаттау оқу жылы аяқталғаннан кейін 31 мамырға дейін жүргізіледі. Аралық аттестаттау оқу пәндерінің тізбесі (екіден артық емес), нысандары мен өткізу мерзімдері мектептің педагогикалық кеңесінің (бұдан әрі – педагогикалық кеңес) шешімімен белгіленеді.
    8. Бір немесе екі пәннен қанағаттанарлықсыз қорытынды бағалары бар 5-8 (9), 10 (11) сыныптардың білім алушылары осы пәндер бойынша қайта аралық аттестаттаудан өтеді. Жазғы каникул кезеңінде осы білім алушыларға тиісті пәндер бойынша оқу тапсырмалары беріледі.
    9. Қайта аттестаттау оқу жылы аяқталғаннан кейін 3 аптадан соң жүргізіледі. Қайта аттестаттау кезінде қанағаттанарлықсыз қорытынды баға алған жағдайда, білім алушылар қайта оқу жылына қалдырылады.
    10. 2-8 (9), 10 (11) сыныптардан келесі сыныпқа барлық оқу пәндері бойынша жылдық және қорытынды бағалары «3», «4», «5» болған білім алушылар көшіріледі.
    11. Барлық оқу пәндері бойынша жылдық бағалары «5» болған 5-8 (9), 10 (11) сыныптардың білім алушылары келесі сыныпқа емтихансыз көшіріледі.

3-тарау. Білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу тәртібі

  1. Негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеру білім алушылардың міндетті қорытынды аттестаттауымен аяқталады және мынадай нысандарда өткізіледі:
    1) 9 (10) сыныптардың білім алушылары үшін қорытынды бітіру емтихандары;
    2) 11 (12) сыныптардың білім алушылары үшін мемлекеттік бітіру емтихандары.
    13. 1-8 (9), 10 (11) сыныптардың білім алушыларына қорытынды аттестаттау қарастырылмайды.
    14. Қорытынды аттестаттауға Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының (бұдан әрі — МЖМБС) талаптарына сәйкес үлгілік жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерген 9 (10), 11 (12) сыныптардың білім алушылары жіберіледі.
    15. Негізгі орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерген 9 (10) сынып білім алушылары төрт пәннен емтихан тапсырады, оның біреуі таңдау бойынша.
    16. 9 (10) сынып білім алушылары үшін қорытынды аттестаттау мынадай нысандарда өткізіледі:
    1) ана тілі мен әдебиетінен жазбаша емтихан (оқыту тілі бойынша) (гуманитарлық циклдегі пәндерді тереңдетіп оқытатын мектептердің білім алушылары үшін – шығарма, қалған білім алушылар үшін — диктант);
    2) математикадан жазбаша емтихан;
    3) орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын мектептерде қазақ тілінен ауызша емтихан және қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілінен ауызша емтихан;
    4) таңдау бойынша пәннен (физика, химия, биология, география, геометрия, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, әдебиет, шетел тілі (ағылшын, француз, неміс), информатика) ауызша емтихан;
    17. Жалпы орта білім берудің жалпы білім беру оқу бағдарламаларын меңгерген 11 (12) сынып білім алушылары бес емтихан түрінде қорытынды аттестаттау тапсырады, олардың біреуі таңдау бойынша.
    18. 11 (12) сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттау мынадай нысандарда өткізіледі:
    1) ана тілі және әдебиетінен (оқыту тілі) эссе нысанында жазбаша емтихан:
    2) алгебра және анализ бастамалары пәнінен жазбаша емтихан;
    3) Қазақстан тарихынан ауызша емтихан;
    4) орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын мектептерде қазақ тілінен және қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілінен тестілеу;
    5) таңдау бойынша пәннен (физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы, әдебиет, шетел тілі (ағылшын, француз, неміс), информатика) тестілеу.
    19. 9 (10) сынып білім алушыларына емтихан жұмыстарының материалдарын облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармалары (бұдан әрі – білім басқармалары), 11 (12) сынып білім алушылары және республикалық мектептердің 9 (10) сынып білім алушылары үшін емтихан жұмыстарының материалдарын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі — Министрлік) дайындайды.
    20. Негізгі орта білім беру деңгейінің 9 (10) сыныбында диктантқа 2 астрономиялық сағат, шығармаға 4 астрономиялық сағат, математикаға (жазбаша) 3 астрономиялық сағат (физика-математика бағытындағы пәндерді тереңдетіп оқытатын сыныптарда — 4 сағат) бөлінеді.
    21. 11 (12) сыныпта эссе жазуға 3 астрономиялық сағат, алгебра және анализ бастамаларына 5 астрономиялық сағат бөлінеді.
    Қорытынды аттестаттаудан өтетін ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін мектептің ұсынымдарына сәйкес Білім алушыларды қорытынды аттестаттау жөніндегі емтихан комиссиясының (бұдан әрі — Комиссия) шешімімен емтихан тапсыру кезінде қосымша уақыт беріледі.
    22. Бір және екі пәннен жылдық қанағаттанарлықсыз баға алған 9 (10) сыныптардың білім алушылары қорытынды аттестаттау өткенге дейін жазбаша немесе тест тапсырмалары нысанында қосымша бақылау жұмыстарын орындайды.
    23. Білім алушыларды денсаулық жағдайлары бойынша «Технология», «Алғашқы әскери дайындық» немесе «Дене тәрбиесі» оқу пәндерінен босату оларды келесі сыныптарға көшіруге және қорытынды аттестаттауға жіберуге әсер етпейді.
    24. Негізгі орта білім туралы куәлікке қосымшаға енгізілетін оқыған пәндерден «5» деген бағасы бар 9 (10) сынып бітірушілеріне «Мемлекеттік үлгідегі білім беру туралы құжаттардың түрлері мен нысандарын және оларды беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 қаңтардағы № 39 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10348 болып тіркелген) (бұдан әрі — № 39 бұйрық) бекітілген нысанға сәйкес негізгі орта білім туралы үздік куәлік беріледі.
    25. Жалпы орта білім туралы аттестатқа қосымшаға енгізілетін оқыған пәндерден бағалары «5» болған 11 (12) сынып бітірушілеріне № 39 бұйрықпен бекітілген нысанға сәйкес жалпы орта білім туралы үздік аттестат беріледі.
    26. Жақсы мінез-құлық танытқан және 5-11 (12) сыныптар аралығында барлық пәндерден жылдық және қорытынды бағалары «5» болған және жалпы орта білімі бойынша қорытынды аттестаттаудан «5» деген бағаға өткен 11 (12) сынып бітірушілеріне № 39 бұйрықпен бекітілген нысанға сәйкес жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестаты және «Алтын белгі» белгісі беріледі.
    27. Қорытынды аттестаттаудың нәтижесі бойынша:
    1) бір немесе екі пәннен қанағаттанарлықсыз баға алған 9 (10) және 11 (12) сыныптардың білім алушылары мектепте тиісті оқу пәндері бойынша емтихан нысанында қайта қорытынды аттестаттаудан өтуге жіберіледі;
    2) үш және одан көп пәндерден қанағаттанарлықсыз бағалар алған 9 (10) сыныптың білім алушылары қайта оқу жылына қалдырылады;
    3) үш және одан көп пәндерден қанағаттанарлықсыз бағалар алған 11 (12) сыныптың білім алушыларына «Білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтама нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 12 маусымдағы № 289 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5717 болып тіркелген) (бұдан әрі — № 289 бұйрық) бекітілген нысанға сәйкес білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтама беріледі.
    Келесі оқу жылы аяқталғаннан кейін № 289 бұйрықпен бекітілген нысанға сәйкес білім алуды аяқтамаған адамдарға берілетін анықтама алған білім алушылар мектепте тиісті оқу пәндері бойынша емтихан нысанында қайта қорытынды аттестаттаудан өтеді.
    28. Тиісті оқу пәндері бойынша 9 (10) сыныптардың білім алушылары үшін қайта бітіру емтихандарын және 11 (12) сыныптардың білім алушылары үшін мемлекеттік бітіру емтихандарын өткізу мерзімін білім басқармалары, сондай-ақ білім басқармаларының келісімі бойынша аудандық және қалалық білім бөлімдері, республикалық мектептердің білім алушылары үшін Министрлік белгілейді.
    29. Қайта қорытынды аттестаттаудың емтихан материалдарын тестілеу немесе жазбаша (эссе), ауызша нысанда мектептер өздігінен әзірлейді.
    Қайта қорытынды аттестаттаудан өткен 9 (10) сынып білім алушыларына № 39 бұйрықпен бекітілген негізгі орта білім туралы куәлік беріледі.
    Қайта қорытынды аттестаттаудан өткен 11 (12) сынып білім алушыларына № 39 бұйрықпен бекітілген жалпы орта білім туралы аттестат беріледі.
    30. Барлық жалпы білім беретін пәндерден үлгеретін білім алушылар қорытынды аттестаттаудан білім басқармалары басшыларының бұйрықтарымен, республикалық мектептердің білім алушылары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің (бұдан әрі – Министр) бұйрығымен мынадай жағдайларда босатылады:
    1) денсаулық жағдайына байланысты;
    2) І — II топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар;
    3) жазғы оқу-жаттығу жиындарына қатысушылар, халықаралық олимпиадаларға (жарыстарға) қатысу үшін Қазақстан Республикасының құрама командасына үміткерлер.
    31. Білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан босату туралы бұйрықтар мынадай құжаттар негізінде шығарылады:
    1) осы Ереженің 30-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген білім алушылар санаты үшін «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) бекітілген, № 035-1/е нысанына сәйкес дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы;
    2) осы Ереженің 30-тармағында көрсетілген білім алушылар санаты үшін мектептің педагогикалық кеңесінің шешімінен көшірме және мектептің қолдау хаты;
    3) осы Ереженің 30-тармағында көрсетілген білім алушылар санаты үшін «Білім беру ұйымдары білім беру қызметінде пайдаланатын қатаң есептіліктегі құжаттардың нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 23 қазандағы N 502 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне N 4991 болып тіркелген) бекітілген нысанға сәйкес білім алушының сабақ үлгерімі туралы табелінің (бұдан әрі — табель) телнұсқасы және көшірмесі. Табельдің түпнұсқасы оның көшірмесімен сәйкестігі тексерілгеннен кейін мектеп әкімшілігіне қайтарылады.
    Осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттар мектеп басшысының қолымен және мөрімен расталады.
    32. Қорытынды аттестаттау кезеңінде ауырып қалған 9 (10) және 11 (12) сыныптардың білім алушылары сауыққаннан кейін өткізіп алған емтихандарды тапсырады.
    33. 9 (10), 11 (12) сыныптардың бітірушілерін мерзімінен бұрын қорытынды аттестаттауға білім алушылар шетелге оқуға түсу үшін кеткенде немесе тұрғылықты орнын шетелге ауыстырған жағдайда, растайтын құжаттарын ұсынған кезде жіберіледі және ол оқу жылының аяқталуына дейін 2 ай бұрын қорытынды бітіру емтихандары немесе мемлекеттік бітіру емтихандары нысанында өткізіледі.
    34. Білім алушылардың халықаралық алмасу желісі бойынша шетелге оқуға баратын және сол жақта білім беру мекемелерін аяқтайтын 11 (12) сыныпты бітірушілер Қазақстан Республикасының мектептерінде 11 (12) сынып үшін қорытынды аттестаттаудан өтеді. Қорытынды аттестаттаудан өткеннен кейін оларға шетелде оқыған пәндерден алған бағаларын, Қазақстан Республикасының мектептерінде алдыңғы сыныптарда алған жылдық және қорытынды бағаларын есепке ала отырып, № 39 бұйрықпен бекітілген жалпы орта білім туралы аттестат беріледі.
    Білім алушылардың халықаралық алмасу желісі бойынша шетелге оқуға баратын 11 (12) сыныптардың бітірушілері үшін емтихан материалдарын дайындауды мектеп жүзеге асырады.
    35. Білім алушылар халықаралық алмасу бағдарламасының толық оқу курсын оқыған кезеңде білім алушылардың халықаралық алмасу желісімен кеткенге дейін оқыған Қазақстан Республикасының мектептері контингентінің есебінде болады.
    36. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған арнайы түзеу мекемелерінде және жалпы білім беретін мектептердегі арнайы сыныптардың білім алушылары үшін қорытынды аттестаттау өткізу қажеттілігі туралы мәселені білім алушылардың медициналық диагнозына сәйкес аудандық, қалалық білім бөлімдері немесе білім басқармасы шешеді.
    Арнайы түзеу мекемелеріне қорытынды аттестаттаудың емтихандарының материалдарын білім басқармалары әзірлейді.
    37. Жазбаша емтихандар 11 (12) сынып білім алушылары бір-бірден, ал 9 (10) сынып білім алушылары бір-бірден немесе екіден отырғызылатын үлкен сынып бөлмелерінде өтеді.
    Жазбаша жұмыстарды орындау және ауызша жауапқа дайындалу үшін білім алушыларға мектептің мөртабаны басылған қағаз беріледі. Жұмыстарын орындаған білім алушылар оны жоба жазумен (черновикпен) бірге Комиссияға тапсырады.
    Жұмыстарын емтиханға арналып бөлінген уақыт ішінде аяқтай алмаған білім алушылар сол аяқталмаған қалпында тапсырады.
    38. Жазбаша емтихан өтіп жатқан кезеңде (диктанттан басқа) білім алушының 5 минутқа сынып бөлмесінен шығуына рұқсат беріледі. Ондай жағдайда ол жұмысын Комиссияға тапсырады, емтихан жұмысына білім алушының шығып келген уақыты жазылады.
    Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін үзіліске арналған ұзақтау уақыт ұсынылады.
    39. Жазбаша емтихан және тестілеу аяқталғаннан кейін білім алушылардың жұмыстарын Комиссия мүшелері мектеп ғимаратында тексереді.
    Тексерілмеген жұмыстар мектеп басшысына сақтау үшін тапсырылады. Тексеру кезінде қателердің асты сызылады. Жалпы орта білім курсы бойынша эсседе қателердің саны жеке көрсетіледі.
    Математика пәні бойынша «2» және «5» деген бағалар қойылған жазбаша жұмыстарға мектеп Комиссиясы пікір жазады.
    Оқыту тілі бойынша қайта жазбаша емтихан нысанын мектептің Комиссиясы белгілейді.
    9 (10) сыныптағы шығарма және 11 (12) сыныптағы эссе екі бағамен, негізгі және жалпы орта білім беру курсындағы математикадан жазбаша емтихан жұмысы бір бағамен бағаланады.
    40. Мектептердің барлық сыныптарындағы жазбаша емтихан жұмыстары жергілікті уақытпен таңертеңгі 9 сағат 00 минутта басталады. Ерекше жағдайларда осы Ереженің тармақтарын сақтау үшін (мектепте білім алушылардың саны көп болғанда) емтихандарды 2-3 лекпен өткізуге жол беріледі.
    Эссе тақырыптары салынған пакеттер білім алушылардың және мектептің Комиссия мүшелерінің қатысуымен емтиханның басталуына 15 минут қалғанда ашылады.
    Математикадан материалдар салынған пакеттер 9 және 11 сыныптарда ұсынылған тапсырмалар шартының дұрыстығын тексеру үшін мектептің Комиссия мүшелерінің ғана қатысуымен емтихан басталудан 1 сағат бұрын ашылады.
    41. Ауызша емтиханда жауап дайындау үшін білім алушыға кемінде 20 минут уақыт беріледі. Егер білім алушы билет бойынша сұрақтарға жауап бермесе, Комиссия оған екінші билет алуға рұқсат етеді (бұл жағдайда баға 1 балға төмендейді).
    42. Тестілеу МЖМБС-ға сәйкес «Ұлттық тестілеу орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі — ҰТО) әзірлеген тест тапсырмаларының көмегімен осы Ереженің 18-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген оқу пәндері шегінде өткізіледі.
    43. 11 (12) сыныпта тестілеуге әр пән бойынша 80 минут бөлінеді.
    44. Тест нәтижелерін тексеруді мектеп жанынан қалыптастырылған Комиссия сол күні өздеріне ұсынылған дұрыс жауаптар кодына сәйкес мектепте жүзеге асырады.
    45. Тестілеуге қатысушылардың жалпы деректер базасын қалыптастыруды ағымдағы жылғы 1-30 наурыз аралығында бағдарламалық қамтамасыз ету көмегімен ҰТО жүзеге асырады. Білім алушылар туралы деректерді мектеп ҰТО-ға оның филиалдары арқылы жолдайды.
    46. Тест тапсырмаларының саны және нысаны, тестілеуге арналған жауап парағының нысаны әр пән, бейін және оқыту тілі бөлінісінде жасалған тест ерекшеліктерімен анықталады. Тест ерекшеліктерін ҰТО әзірлейді.
    47. 9 (10), 11 (12) сыныптарда әрбір пән бойынша ауызша немесе жазбаша емтихандар, тестілеулер және 5-8, 10 (11) сыныптарда сыныптан-сыныпқа көшіру естихандары өткеннен кейін Комиссия сол күні білім алушыларға емтихан бағасы мен қорытынды бағаларын қояды және оларды осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Негізгі орта және жалпы орта білім деңгейлеріндегі оқу курсының емтихан (тестілеу) және қорытынды бағалардың қағаз және электронды хаттамасына (бұдан әрі – Хаттама) енгізеді. Хаттамаға мектеп Комиссиясының мүшелері қол қояды.
    48. Оқу сабақтары ұйымдастырылған емдеу мекемесінде емделіп жатқан білім алушыларға қорытынды баға қою кезінде олардың осы емдеу мекемесінің жанындағы мектепте (сыныпта немесе топта) алған тоқсандық (жартыжылдық) және жылдық бағалары ескеріледі.
    49. Білім алушылардың ауызша емтиханда алған бағалары оларға осы сыныптағы немесе топтағы емтихан аяқталғаннан кейін хабарланады.
    Білім алушының жазбаша өтінішінің негізінде мектептің Комиссиясы төрағасының қатысуымен оған жазба жұмыстарын тексеру нәтижелерімен танысуға мүмкіндік беріледі.
    50. Кезекті емтиханнан «2» деген баға алған 9 (10) және 11 (12) сыныптардың білім алушылары келесі емтиханға жіберіледі.
    51. Пән бойынша қорытынды бағаларды шығару кезінде төмендегілерді басшылыққа алу керек:
    1) пән бойынша қорытынды баға ағымдағы оқу жылының тоқсандық (жартыжылдық) бағалары ескеріле отырып, жылдық және емтихан бағаларының негізінде анықталады (емтихан бағасы «4», «5» болған жағдайда ескеріледі);
    2) емтихан бағасы қанағаттанарлықсыз болған жағдайда оң қорытынды баға қойылмайды;
    3) қорытынды баға емтихан бағасынан жоғары болмайды.
    52. Білім алушы жазбаша жұмысы үшін қойылған бағамен немесе тестілеу нәтижесімен келіспеген жағдайда, емтихан бағасы жарияланғаннан кейінгі келесі күні 13 сағат 00 минутқа дейін аудандық, қалалық білім бөлімдерінің, білім басқармаларының, сондай-ақ республикалық мектептердің білім алушылары үшін Министрліктің жанынан құрылған Комиссияға шағымданады.
    53. Қорытынды аттестаттау өткізу үшін ағымдағы жылғы 1 ақпанға дейінгі мерзімде Комиссия мектеп директорының бұйрығымен мектептер жанында, білім бөлімі басшысының бұйрығымен аудандық, қалалық білім бөлімдері жанында, басқарма басшысының бұйрығымен білім басқармалары жанында және Министрдің бұйрығымен Министрлік жанында (республикалық мектептер үшін) құрылады.
    54. Мектеп жанынан құрылған Комиссия құрамына пән мұғалімдері және мектеп директорының орынбасарлары (болған жағдайда), қоғамдық ұйымдардың (болған жағдайда) және ата-аналар комитетінің өкілдері кіреді. Комиссияны мектеп директоры немесе оның орнын алмастырушы тұлға басқарады.
    Мектеп жанындағы Комиссия мүшелерінің саны негізгі және орта мектепте бір бітіруші сынып-кешен болған кезде кемінде бес адамнан және негізгі және орта мектепте екі және одан көп бітіруші сынып-кешен болған кезде кемінде жеті адамнан тұрады.
    55. Аудандық, қалалық білім бөлімдері жанындағы Комиссия құрамына пән мұғалімдері, білім бөлімдерінің, қоғамдық ұйымдар мен ата-аналар комитетінің өкілдері, сондай-ақ білім бөлімі қызметкерінің арасынан тағайындалған хатшы енеді. Комиссияны білім бөлімінің басшысы немесе оның орнын алмастырушы тұлға басқарады.
    56. Білім басқармасы жанындағы Комиссия құрамына пән мұғалімдері, білім басқармасының мамандары, қоғамдық ұйымдардың және ата-аналар комитеттерінің, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, сондай-ақ білім басқармасы қызметкерлерінің арасынан тағайындалған хатшы кіреді. Комиссияны білім басқармасының басшысы немесе оның орнын алмастырушы тұлға басқарады.
    57. Министрлік жанындағы Комиссия құрамына пән мұғалімдері, Министрлік және Министрлікке ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметкерлері, қоғамдық ұйымдардың және ата-аналар комитеттерінің өкілдері, сондай-ақ Министрлік қызметкерлері арасынан тағайындалған хатшы енеді. Комиссияны Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі басқарады.
    58. Мектеп жанынан қалыптастырылған Комиссия келесі іс-шараларды жүзеге асырады:
    1) білім алушылар, педагогтер мен ата-аналар үшін қорытынды аттестаттау өткізу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
    2) 11 (12) сынып білім алушыларының оқыту бейінін ескере отырып таңдаған пәндерінің тізбесін көрсете отырып қорытынды аттестаттау тапсыратын 11 (12) сынып білім алушыларының тізімін қалыптастыру және ҰТО филиалына ағымдағы жылғы 1 наурызға дейінгі мерзімде жолдау;
    3) емтихандарды, сондай-ақ тестілеуді, эссенің үлгілік тақырыптары, қорытынды аттестаттаудың сұрақтары мен тапсырмалары бойынша сынама емтихандар өткізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
    4) қорытынды аттестаттау өткізу уақытына кезекшілер құрамын қалыптастыру және кабинеттерді қажетті техникалық жабдықтармен (тыңдалым үшін магнитафон) қамтамасыз ету;
    5) 9 (10) және 11 (12) сынып білім алушыларының, оның ішінде жалпы орта білім туралы үздік және «Алтын белгі» аттестаттарын алуға үміткерлердің жазбаша емтихан жұмыстарын қарау және ауызша емтихан жауаптарын тыңдау, тестілеу нәтижелерін тексеру;
    6) жазбаша емтихан жұмыстары, тесттілеу аяқталғаннан кейін және ауызша емтихан тыңдалғаннан кейін Хаттаманың электронды нұсқасын білім бөлімдеріне немесе басқармаларына жолдау;
    7) тестілеу нәтижелерін беру және пайдалану;
    8) осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес тестілеу нәтижелерінің балдарын Тестілеу балдарын жалпы орта білім туралы аттестаттың бағаларына ауыстыру шкаласына сәйкес бағаларға ауыстыру;
    9) апелляцияға түскен ұсыныстардың негізділігін қарау және шешім қабылдау.
    59. Аудандық, қалалық білім бөлімі, білім басқармасы, Министрлік жанынан қалыптастырылған Комиссиялар келесі іс-шараларды жүзеге асырады:
    1) білім алушылар, педагогтер мен ата-аналар арасында қорытынды аттестаттау өткізу мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
    2) қорытынды аттестаттауды, сондай-ақ тестілеуді өткізу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
    3) апелляцияға түскен ұсыныстардың негізділігін қарау және нақты шешім қабылдау.
    60. Жұмыстардың қорытындысын шығару және «Алтын белгі» белгісімен марапатталған білім алушылардың тізімін бекіту туралы шешімді қабылдау жөніндегі мектеп жанынан қалыптастырылған Комиссияның қорытынды отырысы ағымдағы жылғы 12 маусымнан кешіктірілмей өткізіледі.
    61. Негізгі орта білім туралы үздік куәлік, жалпы орта білім туралы үздік және жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестаттарын және «Алтын белгі» белгісін иеленген білім алушылардың тізімі мектеп директорының бұйрығымен бекітіледі.
    62. Білім басқармалары және республикалық мектептер білім алушыларды қорытынды аттестаттау нәтижесі туралы қорытынды мәліметтерді Министрлікке ағымдағы жылғы 20 маусымнан кешіктірмей ұсынады.
    63. Білім алушыларды қорытынды аттестаттау нәтижелері ағымдағы жылғы тамыз айында оқу жылының жұмыс қорытындылары бойынша мектеп жанынан құрылған Комиссияның барлық мүшелерінің қатысуымен педагогикалық кеңесте талқыланады. Педагогикалық кеңес оқу-тәрбие жұмысының сапасын жақсарту бойынша нақты шаралар қабылдайды.

Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің
білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын
білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың
үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық
және қорытынды аттестаттаудың үлгі ережесіне
1-қосымша

Нысан

Негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейлеріндегі оқыту курсы
үшін емтихан (тестілеу) және қорытынды бағалардың
ХАТТАМАСЫ

______________________________________ бойынша Қазақстан Республикасы
(оқу пәнінің атауы)

_____________________________________________________________________
(облыстың атауы)
_____________________________________________________________________
(аудан атауы)
_____________________________________________________________________
(қала (ауыл) атауы)
____________________________________________________________________
(мектеп атауы)

Емтихан комиссиясының құрамында:

____________________________________________________________________
Емтихан комиссиясы төрағасының Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) ____________________________________________________________________
Емтихан алушының Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)
____________________________________________________________________
(ассистенттің Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)
Білім басқармасынан (Министрліктен) жіберілген емтихан
материалдарының пакеті _____ сағат ____ минутта ашылды.
Пакетпен жіберілген емтихан (тест) материалдары осы хаттамаға
қоса берілді.
Емтиханға (тестілеуге) келді:
____________________________________________________________________
Білім алушылардың Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

Емтиханға (тестілеуге) келген жоқ:
____________________________________________________________________
Білім алушылардың Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

Емтихан (тестілеу) ____ сағат ____ минутта басталды.
Емтихан (тестілеу) ____ сағат ____ минутта аяқталды.

Емтихан (тестілеу) нәтижелері бойынша мынадай бағалар қойылды:

Емтихан тапсырушының Т.А.Ә. (бар болған жағдайда) Жазбаша жұмыстың тақырыбы және нұсқасы, билет № Емтихан бағасы (жазумен) Жылдық бағасы (жазумен) Қорытынды бағасы (жазумен)
1
2

Емтихан комиссиясы мүшелерінің жекелеген білім алушылардың
жауаптарының бағалары туралы ерекше пікірлері
_____________________________________________________________________

Емтиханды (тестілеуді) өткізу күні: «___» __________20__ ж.
Бағаны хаттамаға енгізу күні: «___»__________ 20__ ж.

Комиссия төрағасы __ ______________________________ ___________
Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)        қолы
Емтихан алушы мұғалім _____________________________ ___________
Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)    қолы
Ассистенттер ______________________________________ ___________
Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)         қолы
______________________________________ ___________
Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)         қолы

Ескерту: ұқсас Хатаманың электронды нұсқасы қағаз нұсқамен бірдей қолданылады.

Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің
білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын
білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың
үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық
және қорытынды аттестаттаудың үлгі ережесіне
2-қосымша

Тестілеу балдарын жалпы орта білім туралы
аттестаттың бағаларына ауыстыру
шкаласы

№ р/с Пән 2 (қанағаттанарлықсыз) 3 (қанағаттанарлық) 4 (жақсы) 5 (өте жақсы)
1 Орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілінде оқытатын мектептер үшін қазақ тілі 0 – 8 9 – 26 27 – 32 33 — 40
2 Қазақ тілінде оқытатын мектептер үшін орыс тілі 0 – 8 9 – 26 27 – 32 33 — 40
4 Геометрия 0 – 12 13 — 38 39 -48 49 — 60
5 Физика 0 – 12 13 — 38 39 -48 49 — 60
6 Химия 0 – 12 13 — 38 39 -48 49 — 60
7 Биология 0 – 12 13 — 38 39 -48 49 — 60
8 География 0 – 12 13 — 38 39 -48 49 — 60
9 Дүниежүзі тарихы 0 – 12 13 — 38 39 -48 49 — 60
10 Орыс әдебиеті 0 – 12 13 — 38 39 -48 49 — 60
11 Қазақ әдебиеті 0 – 12 13 — 38 39 -48 49 — 60
12 Ағылшын тілі 0 – 8 9 – 26 27 – 32 33 — 40
13 Француз тілі 0 – 8 9 – 26 27 – 32 33 — 40
14 Неміс тілі 0 – 8 9 – 26 27 – 32 33 — 40
15 Информатика 0 – 6 7 – 13 14 – 20 21 – 27

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

МЕКТЕП БІТІРУШІЛЕРДІҢ ҚОРЫТЫНДЫ АТТЕСТАТТАУЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ДАЙЫНДАУ БОЙЫНША

ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫМДАМА

Әдістемелік ұсынымдама

Астана

2016

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 11 хаттамасы)

Мектеп бітірушілердің қорытынды аттестаттауын ұйымдастыру және дайындау бойынша әдістемелік ұсынымдама.– Астана: Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА, 2016. – 46 б.

Бұл құрада орта білім беру ұйымдарындағы қорытынды аттестаттау мен жоғары оқу орындарына түсуді бөлу жағдайындағы жалпы білім беретін мектептердің бітірушілерін қорытынды аттестаттау бойынша әдістемелік ұсынымдамалар берілген.

Әдістемелік ұсынымдама облыстық (аудандық) әдістемелік кабинеттердің басшылары мен әдіскерлеріне, білім беру жүйесі ұйымдарының басшыларына, мұғалімдерге, білім алушылар мен ата-аналарға арналған.

© Ы. Алтынсарин атындағы

Ұлттық білім академиясы, 2016.

Кіріспе

 

Қазақстанның әлемдік білім кеңістігіне кіріктіру шеңберінде отандық білімнің бәсекеге қабілеттігін дамытуда «өмір бойы білім алу» тұжырымдамасынан «өмір бойына оқу» қажеттілігін түсінуге көшуге бағдарланған мектептік білім беруді түбегейлі жаңартуды қажет етеді.

Білім мазмұнын жаңарту – бұл оқыту әдістерін, бағдарламаның мазмұны мен құрылымын қайта қарау. Енгізудің нәтижесі тұлғаның дамуы үшін қолайлы білім беру ортасын құру болып табылады.

Білім мазмұнын жаңарту еліміздегі білім сапасын арттыруға ғана мүмкіндік бермейді, сонымен қатар Қазақстанның  неғұрлым бәсекеге қабілетті әлемдегі 30 елдің қатарына қосылуын қамтамасыз етеді, білім мазмұнын жаңарту процесінің ұлттық аспектісін осыдан көруге болады.

Жаңа стандарт құзыреттілік тәсілге негізделген: дәстүрлі мектепте болған міндетті меңгеруді талап ететін материалдың  белгілі мөлшеріне емес, күтілетін нәтижеге құрылған.

Ең бастысы, бұл білім алушының қабылдауын өзгертеді, қазіргі заманауи мектептерде, өкінішке орай, басым болып тұрған авторитарлық оқытудан ынтымақтастыққа көшуді талап етеді. Оқыту мақсаты білім алушыға да, мұғалімге де ортақ болуы тиіс.

Білім мазмұнын жаңарту аясында қорытынды аттестаттау форматы да өзгереді.  Мемлекеттік бітіру емтиханы – орта білім курсын бітіргені туралы куәландыратын мемлекеттік үлгідегі құжатты алу шарты болып табылатын орта білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды қорытынды аттестаттаудың бір түрі. Емтихан мектептерде өткізіледі.

Ұлттық бірыңғай тестілеу – жоғары оқу орындарына оқуға түсуге арналған іріктеу емтихандарының бір түрі. Тестілеу жоғары оқу орындарының базасында өткізіледі.

Емтихан материалдары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірдегі № 115 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 18 мамырдағы №393 бұйрығымен бекітілген қоғамдық- гуманитарлық және жаратылыстану-математикалық бағыттағы 10-11 сыныптардың қолданыстағы оқу бағдарламаларына негізделеді. Бітіру емтиханы мен ҰБТ тест тапсырмаларының базасын қалыптастыру Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016  жылғы бұйрықтарымен (2016 жылғы 8 қаңтардағы № 13 бұйрығы, 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 251 бұйрығы) бекітілген оқулықтары материалдары бойынша іске асырылатын болады.

 

 

 

 

  1. Мектеп бітірушілерді қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру

 

Қазақстан Республикасында білім беру және ғылымды дамытудың                       2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында анықталғандай, қолданыстағы ҰБТ форматын жетілдіру мақсатында ҰБТ рәсімін мектептегі қорытынды аттестаттау және жоғары оқу орындарына түсу емтиханына бөлу, сонымен қатар, әрі қарай оқу қабілетін, логикалық ойлау деңгейін, ағылшын тілін меңгеруін, базалық біліктілігін  (функционалдық сауаттылық) анықтауға бағытталған тестілеудің қолдану шеңберін кеңейту қарастырылады.

Сол себепті, 2016-2017 оқу жылынан мектепті бітірушілер үшін жоғары оқу орындарына түсу емтиханы болып табылатын Ұлттық бірыңғай тестілеудің (бұдан әрі – ҰБТ) жаңа форматы енгізілді.

Қорытынды аттестаттау – жалпы орта білім беру ұйымдарында өткізілетін 11 (12) — сынып білім алушыларына арналған мемлекеттік бітіру емтиханы.

«Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңы бойынша білім алушыларды қорытынды аттестаттау — білім алушылардың тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында қарастырылған оқу пәндерінің көлемін меңгеру дәрежесін анықтау мақсатында жүргізілетін рәсім деп көрсетілген.

Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгерімін ағымдық бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттауды  жүргізудің Типтік ережесіне сәйкес (16.11.2016 ж.) (бұдан әрі  — Типтік ереже) жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерген 11(12) — сыныптың білім алушылары қорытынды аттестаттау барысында бес емтихан, оның ішінде біреуін таңдау бойынша тапсырады.

11 (12) сынып білім алушыларын қорытынды аттестаттау мынадай нысандарда өткізіледі:

1) ана тілі және әдебиетінен (оқыту тілі) эссе нысанында жазбаша емтихан:

2) алгебра және анализ бастамалары бойынша жазбаша емтихан;

3) Қазақстан тарихы бойынша ауызша емтихан;

4) орыс, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын мектептерде қазақ тілінен және қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілінен тестілеу;

5) таңдау бойынша пәннен (физика, химия, биология, география, геометрия, дүниежүзі тарихы, әдебиет, шетел тілі (ағылшын, француз, неміс), информатика) тестілеу.

Музыкалық және көркем мектептер, сонымен қатар өнер мектептерінде шығармашылық сипаттағы қосымша емтихан өткізілуі мүмкін.

Емтихандарды өткізу формалары:

Ана тілі мен әдебиеті (оқыту тілі) бойынша жазбаша емтихан эссе түрінде өткізіледі, оған  3 астрономиялық сағат бөлінеді.

Мектеп бітірушілерге таңдау үшін 10 тақырып беріледі; эссе тақырыптары берілген конверттер емтихан басталғанға дейін 15 минут бұрын ашылады;  эссе көлемі – 250-300 сөз. Эссе тақырыптарын ҚР Білім және ғылым министрлігі анықтайды. Эссе тақырыптары 10 наурызға дейінгі мерзімде ашық баспасөзде жарияланады.

Эссе – ол тақырыпты түпкілікті және толық қамтуға есептелмеген нақты мәселе бойынша жеке көзқарасты білдіретін шағын көлемдегі, еркін композициялық прозалық шығарма. Эсседе ауқымды мәселелердің талдауы болмайды. Ол бір мәселе бойынша жаңа, субъективтік көзқарас болып табылады, ондай шығарма философиялық, тарихи-биографиялық, публицистикалық, әдеби-сыни, ғылыми-көпшілік немесе беллетристикалық сипатта болуы мүмкін. Эссенің мақсаты – өзіндік шығармашылық ойлау және сол ойды жазбаша бере білу дағдыларын дамыту. Эссе мазмұнында ең алдымен ойды нақты және сауатты тұжырымдау, ақпаратты жүйелеу, негізгі түсініктерді қолдану, себеп-салдар байланысын және тәжірибені нақты мысалдармен көрсете білу, ойларын қорытындылай білу бағаланады.

Эссе құрылымы оған қойылатын мынадай талаптармен анықталады:

— эссе авторының ойлары проблема бойынша қысқа тезистер ретінде беріледі;

— ойлар дәлелді болуы тиіс, сондықтан тезистерден кейін дәйектер жазылады.

Дәйектер – қоғамдық өмірден, алынған фактілер, оқиғалар, өмірлік жағдайлар мен өмірлік тәжірибелер, ғылыми дәлелдер, ғалымдардың пікірлеріне жүгіну және т.б. Әрбір тезиске екі дәйек келтіріледі, себебі бір дәйек келтіру көп жағдайларда жеткіліксіз, үш дәйек ықшамдыққа және көркемдікке бағытталған жанрда жазылған шығарманы «ауырлатуы» мүмкін.

Сонымен, эссенің құрылымы (тезистер мен дәйектердің саны тақырыпқа, құрылған жоспарға, ойды дамыту логикасына байланысты болады):

— кіріспе;

— тезис, дәйектер;

— тезис, дәйектер;

— қорытынды.

Кіріспе және қорытынды бөлімдерде қарастырылып отырған проблемаға назар аударуы қажет (кіріспеде  мәселе қойылады, қорытындыда автордың ойы нақтыланады). Эссе тіліне эмоционалдық, экспрессивтік, көркемдік тән екенін оқушылардың түсінулеруі аса маңызды. Сонымен қатар, эсседе сленгті, шаблонды фразаларды, сөздерді қысқартудан аулақ болу қажет. Эссені жазуда қолданылатын тіл жеңіл қабылданатындай болуы тиіс.

Эссені жазудың формальді ережесіне сәйкес атауының болуымен ерекшеленеді. Эссенің ішкі құрылымы еркін болуы мүмкін. Бұл жазба жұмысының шағын түрі болғандықтан, соңында қорытындылауды міндетті түрде қайталау талап етілмейді, олар негізгі мәтіннің немесе атауының ішіне енгізілуі мүмкін. Дәйектеме  мәселені тұжырымдаудың алдында болуы мүмкін. Мәселені тұжырымдау соңғы қорытындымен сәйкес келуі мүмкін.

Эссе жазу барысында  мынадай типтік қателіктер жиі кездеседі:

— ұзақ кіріспе;

— детальдар санының жетіспеушілігі;

— мысалдары суреттелмей берілген пайымдаулар;

— көпсөзділік, себебі, эссе көлемі нақты мөлшермен шектелген;

— автордың шынайы ойын көрсете алмайын ұзын сөйлемдердің болуы, қайта керісінше қысқа сөйлемдер үлкен әсер қалдырады. Эсседе ұзын сөйлемдер мен қысқа сөйлемдер ауысып отырса, ол өте тиімді болады;

— ғылыми терминдерді қолдану, энциклопедиялық сөздерді келтіру эссені түсінуді ауырлатады және оқушының назарын басқа жаққа аударады, эссенің мәні төмендейді.

«Алгебра мен анализ бастамалары» пәні бойынша жазбаша емтихан бес тапсырмадан тұрады.

Тапсырмалар теориялық материалды және есеп шығару әдістерін меңгеру деңгейін, есептерді шығара білу мүмкіндігін, функционалдық сауаттылығын анықтауға бағытталады.  Емтиханға  5 астрономиялық сағат бөлінеді.

11(12) сыныптардағы эссе екі бағамен бағаланады, алгебра мен анализ бастамалары бойынша  жазбаша емтихан бір бағамен бағаланады.

Қазақстан тарихынан ауызша емтихан билеттер бойынша жүргізіледі. Құрастырылатын билеттердің саны  – 30; әр билетте  3 сұрақ болады, оның екі сұрағы– ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі Қазақстан тарихы курсының негізгі бөлімдері мен тақырыптарының теориялық материалдары бойынша, үшінші сұрақ – практикалық түрде беріледі (тарихи карталар, терминология бойынша жұмыс, тарихи тұлғаны сипаттау).

Ауызша емтиханда білім алушы дайындалу үшін кем дегенде 20 минут уақыт беріледі. Егер білім алушы билет бойынша жауап бермесе, комиссия оған екінші билет алуға мүмкіндік береді (бұл жағдайда жауап бір баллға кемиді).

Оқыту қазақ тілді емес мектептерде қазақ тілі бойынша тестілеуге немесе оқыту орыс тілді емес мектептерде орыс тілі бойынша тестілеуге 80 минут уақыт беріледі. Тест үш блокқа бөлінген 40 сұрақтан тұрады:

— лексико-грамматикалық блок –  бір дұрыс жауабы берілген 20 тест тапсырмадан тұрады;

— «Тыңдалым» блогі – 200-250 сөзден тұратын 2 мәтін, бірнеше дұрыс жауабы бар 10 тест тапсырмасынан тұрады;

— «Оқылым» блогі – 200-250 сөздерден тұратын 2 мәтін, 10 тест  тапсырмасынан тұрады.

Мектеп бітіруші ең жоғары 60 балды алуы мүмкін: Бір дұрыс жауабы бар 20 тест тапсырмасы үшін 20 балл, екі және одан да көп жауаптары бар 20 тапсырма ең көп дегенде 40 балмен бағаланады..

Таңдау пәні бойынша тестілеу. Бітірушінің таңдауына келесідей пәндер ұсынылады: Физика, Химия, Биология, География, Геометрия, Дүниежүзі тарихы, Әдебиет, Шет тілі (ағылшын, француз, неміс), Информатика.

Таңдау пәндері бойынша тестілеу («Шет тілі» және «Информатика» пәндерінен басқа) 40 тест тапсырмасынан тұрады, олар ең көп дегенде 60 балмен бағаланады, оның ішінде 20 тест тапсырмасы бір дұрыс жауаппен берілген (бұл 20 балды құрайды) және жоғары 40 балмен бағаланатын 20 тапсырма екі және одан көп дұрыс жауаптарымен беріледі.  Таңдау пәндері бойынша тестілеуге  80 минут уақыт бөлінеді.  

Шет тілі үш блоктан тұрады: лексико-грамматикалық (20 сұрақ бір дұрыс жауабы бар), «Тыңдалым» блогі (әрқайсысы 200-250 сөзден тұратын бір мәтін негізіндегі 10 сұрақ),  «Оқылым» блогі (1 мәтін, 200-250 сөз, мәтін бойынша 10 тест тапсырмасы). Шет тілі бойынша тестілеуге  80 минут уақыт беріледі.

«Информатика» пәні бойынша емтихан тестілеуден және практикалық тапсырмалардан тұрады. Бұл пән мынадай принциппен тапсырылатын болады:

1) бір дұрыс жауабы бар 20 тест тапсырмасы;

2) 7 практикалық тапсырма.

Информатика бойынша тапсырмаларды орындауға 80 минут уақыт бөлінеді.

Тестілеу оқу пәндері шеңберінде мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес «Ұлттық тестілеу орталығы» Республикалық мемлекеттік қазыналық мекемесі әзірленген (бұдан әрі – ҰТО) тест тапсырмалары бойынша жүргізіледі. ҰТО тапсырмалар базасын жасайды, білім беру органдарына тестілеу материалдарын жеткізеді.

Білім алушы емтиханға қойылған бағамен келіспеген жағдайда, емтихан бағасы жарияланғаннан кейінгі келесі күні 13 сағат 00 минутқа дейін аудандық, қалалық білім бөлімдерінің, білім басқармаларының жанынан құрылған Комиссияға (бұдан әрі – Комиссия) шағымданады.

Типтік ережеде көрсетілгендей мынадай жағдайларда білім алушылар қорытынды аттестаттаудан босатылады: денсаулық жағдайына байланысты;                                  І-II топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар; жазғы оқу-жаттығу жиындарына қатысушылар, халықаралық олимпиадаларға (жарысқа) қатысу үшін Қазақстан Республикасының құрама командасына үміткерлер.

11 (12) — сыныптардың бітірушілерін мерзімінен бұрын қорытынды аттестаттауға білім алушылар шетелге оқуға түсу үшін кеткенде немесе тұрғылықты орнын шетелге ауыстырған жағдайда жіберіледі және ол оқу жылының аяқталуына дейін 2 ай бұрын қорытынды емтихандар немесе мемлекеттік бітіру емтихандары нысанында өткізіледі.

Білім алушылардың халықаралық алмасу желісі бойынша шетелге оқуға баратын және сол жақта білім беру мекемелерін аяқтайтын 11 (12) сыныпты бітірушілер Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында 11 (12) сынып үшін қорытынды аттестаттаудан өтуі қажет. Шетелде оқыған пәндерден алған бағаларын, білім беру ұйымдарында алдыңғы сыныптарда алған жылдық және қорытынды бағаларын есепке ала отырып, қорытынды аттесттаудан өткеннен кейін оларға жалпы орта білім туралы аттестат беріледі.

Білім алушылардың халықаралық алмасу бағдарламасының толық оқу курсын оқыған кезеңде білім алушылардың халықаралық алмасу желісімен кеткенге дейін оқыған жалпы білім беретін мектебіндегі контингенттің есебінде болады.

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған арнайы түзеу мекемелерінде және жалпы білім беретін мектептердегі арнайы сыныптардың білім алушылары үшін қорытынды аттестаттау өткізу қажеттілігі туралы мәселені білім алушылардың медициналық диагнозына сәйкес аудандық, қалалық білім бөлімдері немесе білім басқармасы шешеді.

Арнайы түзеу мекемелері үшін қорытынды аттестаттаудың емтихандық материалдары білім басқармаларымен әзірленеді.

Қорытынды аттестаттаудан ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларға мектептің ұсынымдамасына сәйкес, білім алушыларды қорытынды атесттатау жөніндегі Комиссияның шешіміне сәйкес емтихан тапсыру үшін қосымша уақыт ұсынылады.

«Алтын белгі» алуға талапкерлер өз мектептерінде қорытынды аттестаттау емтихандарын тапсырады. Жақсы мінез-құлық танытқан және 5-11 (12) сыныптар аралығында барлық пәндерден жылдық және қорытынды бағалары «5» болған және жалпы орта білімі бойынша қорытынды аттестаттаудан «5» деген бағаға өткен 11 (12) сынып бітірушілеріне № 39 бұйрықпен бекітілген нысанға сәйкес жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестаты және «Алтын белгі» белгісі беріледі.

2017 жылғы  30 наурызға дейін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «2016-2017 оқу жылын аяқтау туралы» бұйрығына сәйкес қорытынды аттестаттау мерзімі белгіленетін болады.

Қорытынды аттестаттаудың барлық материалдары Ұлттық тестілеу орталығында жасалады және білім басқармаларына, одан әрі білім басқармаларымен мектептерге жеткізетін болады.

Жазбаша және ауызша емтихандарды бағалау, сонымен қатар тестілеудің жауап парақтарын мектептерде пән бойынша Комиссия тексеретін болады. Ол үшін оларға дұрыс жауаптардың коды беріледі. Қорытынды аттестаттаудың материалдары (жауап парақтары, сұрақ кітапшалары және т.б.) мектептерде үш оқу жылы бойы сақталатын болады.

 

  1. Мектеп бітірушілерді қорытынды аттестаттау мазмұнына қойылатын талаптар, бағалау өлшемдері

 

«Ана тілі мен әдебиеті» (оқыту тілі), «Алгебра және анализ бастамалары»  және «Қазақстан тарихы» пәндері бойынша мемлекеттік бітіру емтихандарына емтихан материалдарын ҰТО әзірлейді.

Ана тілі мен әдебиетінен (оқыту тілі) мемлекеттік емтихан белгілі құрылымға сәйкес топтастырылған әр түрлі мәселелерді құрайтын он тақырыптан тұратын эссе түрінде беріледі: бесеуі – әдеби тақырып, бесеуі – еркін тақырып болып табылады.

Эссенің әдеби тақырыбы таңдалған жағдайда авторлық ұстанымға сүйенуге және өзіндік көзқарасты тұжырымдау ұсынылады. Тезистерін әдеби туындыларға сүйене отырып, дәйектеу қажет.

Эссенің еркін тақырыбын таңдаған жағдайда өз ұстанымын көркем туындылардың мазмұнына да, сондай-ақ өз өмірлік тәжірибеге де (жеке әсерлерге, жеке ойларға, білімдерге және т.б.) сүйенумен дәйектеуге болады.

Сондай-ақ, білім алушылар үшін қысқаша нұсқаулар қоса тіркеледі.

Емтихан жұмысының құрылымы және мазмұны.

Әдеби тақырып «Әдебиет» курсының шеңберінде оқытылған көркем туындыларды талдаумен байланысты. Олар емтихан материалында екі әдеби дәуірлердің: ХІХ ғ. және ХХ ғ. әдебиеті туындылары болатындай таңдалған. Сонымен бірге көркем туындылардың әдеби түрлері және жанрлары алуан түрлі келтірілген.

Мектеп бітіруші поэзиямен байланысты эссе тақырыптарын кем дегенде екі өлеңнен мысал келтіре отырып ашуы тиіс. Кіші эпикалық нысанды туындылармен байланысты эссе тақырыптары бір-екі туындының мысалында ашылады (олардың саны бітірушінің өзінің қалауына қарай ұлғайтылуы мүмкін).

Еркін тақырыптар философиялық немесе адамгершілік мәселесі бойынша эссе жазуды болжайды. Тақырыптардың біріне пікір-эссе жазған кезде мектеп бітіруші көркем туындылардың мазмұнына да, өзіндік өмірлік тәжірибеге де (жеке сезімдер, тақырыпқа меншікті ойлар және т.б.) сүйенумен дәйектер келтіруі мүмкін.

Мәдениет өкілдерінің бірінің пікірін білдіретін дәйексөз түрінде тұжырымдалған эссе тақырыптары еркін пайымдауды негіздейді, ол пікірдің әділдігін растайтын дәйектерді де, сондай-ақ, басқа көзқарастың болу мүмкіндігін дәлелдейтін қарама-қарсы дәйектерді  де қамтуы мүмкін.

Ұсынылған эссе тақырыптарының тек біреуін таңдау қажет, содан кейін 250-300 сөз көлемінде таңдап алған тақырыпқа эссе жазу керек. Эссенің композизиясын мұқият ойластыру қажет.

Эссені анық және түсінікті етіп, сөйлеу тілі нормаларын сақтай отырып жазу қажет.

Емтиханға қатысушыларға орфографиялық және түсіндірме сөздіктерді, афоризмдер жинағын қолдануға рұқсат етіледі.

 

Емтихан жұмысының ұзақтығы.

Ана тілі мен әдебиетінен емтихан жұмысын орындауға 3 астрономиялық сағат беріледі. Оқу пәндері бойынша емтихан жұмысын орындаудың ұзақтығына дайындау шараларына бөлінген уақыт енбейді (оқушыларға нұсқау беру, емтихан материалдарын тарату, емтихан жұмыстарын толтыру).

Орыс тілінен емтихан нәтижелерін бағалау (жазбаша нысан).

Емтихан жұмысын бағалау үшін тапсырмалардың белгілі бір типіне сәйкес келетін бағалау өлшемдерінің кешені пайдаланылады: әдебиет тақырыбына эссе жазу, еркін тақырыпқа эссе жазу.

Эссені тексерген кезде мынадай дағдылардың қалыптасу деңгейі бағаланады:

— мәтінді ұсынылған тақырыпқа сәйкес жазу;

— эссенің тезистік-дәлелді бөлігін өзіндік пікірін келтіре отырып, ойын логикалық баяндауы;

— дәйектелген пікірді келтіре отырып, сенімді дәйектерді таңдау; қойылған мәселелерге автордың қатысын анықтау, өз ұстанымын басқа көзқараспен салыстыру;

— эссенің түріне, жанрына және тақырыбына сәйкес тілдік құралдарды таңдауды жүзеге асыру; мәтінді әдеби тіл нормаларына сәйкес ресімдеу.

Оқыту тілінен емтихан жұмыстарын бағалауға келесі талаптар ұсынылады:

— емтихан жұмысы аталған өлшемдер бойынша бастапқы балдарды қосу және оларды бағалаудың бес балдық жүйесіне ауыстыру жолымен бағаланады;

— әдеби тақырыпқа және еркін тақырыпқа жазылған эссе төменде келтірілген кестеде көрсетілген өлшемдер бойынша бағаланады.

Емтихан жұмысының нәтижесін шығаратын балдар төмендегі ережелерге негізделіп анықталады:

— егер екі емтихан алушының қойған балдары сәйкес келсе, онда бұл балдар қорытынды балл болып табылады;

— егер екі емтихан алушының қойған балдарында болмашы айырмашылық анықталса, онда қорытынды балл сандары дөңгелектеу ережелеріне сәйкес дөңгелектеумен екі емтихан алушының орташа арифметикалық балдары ретінде анықталады;

— егер екі емтихан алушы қойған балдарда маңызды айырмашылық анықталса, онда қосымша (үшінші) тексеру тағайындалады.

Екі емтихан алушы қойған балдардағы маңызды айырмашылық – 8 және одан көп балдардағы айырмашылық болып табылады.

 

Нысан Бағалау аспектілері Балдары Ең жоғары бастапқы бал
Эссе Мазмұны 10  

18

Сауаттылығы 8

 

Эссе мазмұны төмендегі кестеде көрсетілген өлшемдер бойынша бағаланады.

Эссе бағаланатын өлшемдердің арасында бірінші өлшем (эссе тақырыбын ашу тереңдігі және пікірлердің сенімділігі) негізгі болып табылады. Егер бірінші өлшем бойынша эссе 0 ұпайға бағаланса, онда тапсырма орындалмаған болып саналады және басқа өлшемдер бойынша бағаланбайды.

 

Әдеби  тақырыпқа жазылған эссенің мазмұнын бағалау өлшемдері

 

Бағалау өлшемдері балдары Ұпайлар Балдар
Эссе тақырыбын ашу тереңдігі және пікірлердің сенімділігі
Емтихан тапсырушы эссе тақырыбын ашады, өз көзқарасын тұжырымдайды, өз тезистерін сенімді дәлелдейді 4
Емтихан тапсырушы эссе тақырыбын ашады, өз көзқарасын тұжырымдайды, бірақ тезистер жеткіліксіз сенімді негіздемейді 2
Емтихан тапсырушы эссе тақырыбын үстірт ашады және/немесе өз тезистерін негіздемейді 1
Емтихан тапсырушы эссе тақырыбын ашпайды 0
Емтихан тапсырушының эссе тақырыбы бойынша өз пікірін дәйектеуі
Емтихан тапсырушы эссе тақырыбына сәйкес келетін мәселе бойынша өз пікірін білдірді және осы пікірді растау үшін кем дегенде екі дәйек келтірді 3
Емтихан тапсырушы эссе тақырыбына сәйкес келетін мәселе бойынша өз пікірін білдірді және осы пікірді растау үшін тек бір ғана дәйек келтіреді 2
Емтихан тапсырушы эссе тақырыбына сәйкес келетін мәселе бойынша өз пікірін білдірді, бірақ дәйектер келтірген жоқ, немесе емтихан тапсырушының пікірі жұмыста көрсетілген жоқ, немесе емтихан тапсырушы өз пікірін эссе тақырыбына сәйкес келмейтін мәселе бойынша білдірді 1
Эссенің композициялық тұтастығы және логикалық жүйелілігі
Эссе композияциялық тұтастығымен сипатталады, пікірлердің бөліктері логикалық байланысты, ой біртіндеп дамиды, дәлелденбеген қайталаулар және логикалық жүйеліліктің бұзылулары жоқ 3
Эссенің бөліктері бір — бірімен логикалық байланысты, бірақ композициялық тұтастықтың бұзылуы орын алған: ой қайталанады, және/немесе баяндау жүйелілігі бұзылған (оның ішінде пікірдің ішкі ой бөліктерінде), және/немесе эссе тақырыбынан ауытқу бар 1
Эсседе композициялық ой бақыланбайды, және/немесе баяндау жүйелілігінде өрескел қателер жіберілген, және/немесе эссенің бөліктерінің арасында және бөліктерінің ішінде байланыс жоқ 0
Әдеби тақырыпқа жазылған эссе үшін балдардың ең жоғары саны 10

 

 

 

Еркін тақырыпқа жазылған эссенің мазмұнын бағалау өлшемдері

 

Бағалау өлшемдері Балдары
Эссе тақырыбын ашу тереңдігі және пікірлердің сенімділігі
Емтихан тапсырушы эссе тақырыбын ашады, өз көзқарасын тұжырымдайды, өз тезистерін сенімді дәлелдейді, шығарма мәтінінен мысалдар келтіреді 3
Емтихан тапсырушы эссе тақырыбын ашады, бірақ тезистер жеткіліксіз сенімді негіздемейді, шығарма мәтінінен ұсынылған тезиспен тікелей байланысты емес мысалдар келтіреді 2
Емтихан тапсырушы эссе тақырыбын ашпайды, шығарма мәтінінен мысалдар келтірілмеген, өзіндік пікірі  мәтінде негізделмеген 0
Емтихан тапсырушының эссе тақырыбы бойынша өз пікірін дәйектеуі
Емтихан тапсырушы эссе тақырыбына сәйкес келетін мәселе бойынша өз пікірін білдірді және осы пікірді растау үшін кем дегенде екі дәйек келтірді

 

 

3
Емтихан тапсырушы эссе тақырыбына сәйкес келетін мәселе бойынша өз пікірін білдірді және осы пікірді растау үшін тек бір

ғана дәйек келтіреді

2
Емтихан тапсырушы эссе тақырыбына сәйкес келетін мәселе бойынша өз пікірін білдірді, бірақ дәйектер келтірген жоқ, немесе емтихан тапсырушының пікірі жұмыста көрсетілген жоқ, немесе емтихан тапсырушы өз пікірін эссе тақырыбына сәйкес келмейтін мәселе бойынша білдірді 1
Эссенің композициялық тұтастығы және логикалық берілуі.
Эссе композияциялық тұтастығымен сипатталады, пікірлердің бөліктері логикалық байланысты, ой біртіндеп дамиды, дәлелденбеген қайталаулар мен логикалық жүйелілігінің бұзылулары жоқ 3
Эссенің бөліктері бір-бірімен логикалық байланысты, бірақ композициялық тұтастықтың бұзылуы орын алған: ой қайталанады,   және/немесе баяндау жүйелілігі бұзылған (оның ішінде пікірдің ішкі ой бөліктерінің ), және/немесе эссе тақырыбынан ауытқуы бар 1
Эсседе композициялық түпкі ой бақыланбайды, және/немесе жүйелі баяндауда өрескел қателіктер жіберілген, және/немесе эссенің бөліктері және ішкі бөліктердің ішінде байланыс жоқ 0
Еркін тақырыпқа жазылған эссе үшін қойылатын  ұпайлардың өлшемдер бойынша ең жоғары саны 9

 

Әдеби тақырып және еркін тақырып бойынша сауаттылығы және сөзінің нақты дәлдігі төмендегі кестеде көрсетілген өлшемдермен бағаланады

 

Сауаттылығы және сөзінің нақты дәлдігін бағалау өлшемдері

 

Емтихан тапсырушының сауаттылығын және сөздерінің нақты дәлдігін бағалау өлшемдері Балдары
Орфографиялық нормаларды сақтау
Орфографиялық қателер жоқ, немесе бір қате  ғана жіберілді 2
Екі-үш қате жіберілді 1
Төрт (ҚГБ)/ бес (ЖМБ) және одан көп қате жіберілді 0
Пунктуациялық нормаларды сақтау
Пунктуациялық қателер жоқ,  немесе екі қате ғана жіберілді 2
Үш-төрт қате жіберілді 1
Бес және одан көп қате жіберілді 0
Грамматикалық нормаларды сақтау
Грамматикалық қателер жоқ немесе бір қате жіберілді 2
Екі қате жіберілді 1
Үш және одан көп қате жіберілді 0
Сөйлеу нормаларын сақтау
Сөйлеу қателері жоқ немесе екі қате ғана жіберілді 2
Үш-төрт қате жіберілді 1
Бес және одан көп қате жіберілді 0
Өлшемдер бойынша эссе балдарының ең жоғары саны 8

 

 

Төменде бес балдық жүйе бойынша эссені бағалаудың қайта санау шкаласы келтірілген

 

 

 

 

 

Әдеби тақырыптағы эссені бес балдық жүйе бойынша бағалау шкаласы

 

Бағалудың бес балдық жүйесі бойынша баға «2» «3» «4» «5»
Мазмұны 0–3 4–6 7–8 9–10
Сауаттылығы 0-2 3-4 5-6 7-8

 

Еркін тақырыптағы эссені бес балдық жүйе бойынша бағалау шкаласы

 

Бағалудың бес балдық жүйесі бойынша баға «2» «3» «4» «5»
Мазмұны 0–3 4–5 6–7 8–9
Сауаттылығы 0-2 3-4 5-6 7-8

 

Ана тілінен емтихан материалдарының үлгілері ұсынылады (жазбаша нысан):

  1. Бай-сұлтандардың образдары М.Әуезовтің «Абай жолы» романының атауымен қандай өзара қатынаста болады?
  2. Мағжан Жұмабаев өлеңдеріндегі махаббат лирикасы.
  3. Мен қазақ қыздарына қайран қалам (Ғ. Мүсіреповтің «Ұлпан» романы бойынша)
  4. Туыстарға көңіл бөлу маңыздылығы жөнінде толғану.
  5. Өзіндік дарынға қалай қарау қажет?

 

«Алгебра және анализ бастамалары» пәні

 

Кез келген жазбаша емтиханды өткізу барысында басты назар оқыту бағытына, емтихан тапсырмаларының мазмұнына, жазбаша жұмысты рәсімдеуге және бағалауға аударылуы керек.

Алгебра және анализ бастамалары бойынша емтихан тапсырмаларының мазмұны туралы

І. Жалпы білім беретін мектептердің 10-11-сыныптарында оқыту бағыттар бойынша жүргізіледі, сонымен қатар жекелеген мектептерде (сыныптарда) математика пәні тереңдетіліп оқытылады. Сондықтан емтихан тапсырмалары оқыту бағыттарына (қоғамдық-гуманитарлық бағыт, жаратылыстану-математика бағыты, математиканы тереңдетіп оқыту) сәйкес құрастырылуы тиіс.

ІІ. Емтихан тапсырмаларының мазмұны оқыту бағытына сәйкес  «Алгебра және анализ бастамалары» пәні оқу бағдарламасының барлық тарауларын қамтуы тиіс.

 

«Алгебра және анализ бастамалары» пәні бойынша

оқу бағдарламасының тараулары

 

Қоғамдық-гуманитарлық бағыт Жаратылыстану-математика бағыты Математиканы тереңдетіп оқыту
10-сынып
Функция, оның қасиеттері және графигі Функция, оның қасиеттері және графигі Функция, оның қасиеттері және графигі
Тригонометриялық функциялар Тригонометриялық функциялар Тригонометриялық функциялар
Тригонометриялық теңдеулер мен теңсіздіктер Тригонометриялық теңдеулер мен теңсіздіктер Тригонометриялық теңдеулер мен теңсіздіктер
Туынды Туынды Туынды
Туындыны қолдану Туындыны қолдану Туындыны қолдану
11-сынып
Алғашқы функция және  интеграл Алғашқы функция және  интеграл Алғашқы функция және  интеграл
Дәреже және түбір. Дәрежелік функция Дәреже және түбір. Дәрежелік функция Дәреже және түбір. Дәрежелік функция
Көрсеткіштік және логарифмдік функциялар Көрсеткіштік және логарифмдік функциялар Көрсеткіштік және логарифмдік функциялар
Көрсеткіштік және логарифмдік теңдеулер мен теңсіздіктер Көрсеткіштік және логарифмдік теңдеулер мен теңсіздіктер Көрсеткіштік және логарифмдік теңдеулер мен теңсіздіктер
Теңдеулер және теңсіздіктер, теңдеулер мен теңсіздіктер жүйелері Теңдеулер және теңсіздіктер, теңдеулер мен теңсіздіктер жүйелері

 

ІІІ. Көрсетілген тарауларды ескере отырып, емтихан жұмыстарының тапсырмаларын  «Есептеулер», «Өрнектерді тепе-тең түрлендіру», «Теңдеулер мен олардың жүйелері», «Теңсіздіктер мен олардың жүйелері», «Функция және оның графигі», «Мәтінді есептер» бөлімдері бойынша құрастыру ұсынылады. Мәтіндік есептерде жазық фигураның ауданы және дене көлемін табу, ең үлкен немесе ең кіші мәнді табу есептерін және т.б.  құрайды. Барлық тапсырмалар А, В, С, деңгейлеріне бөлінеді:

— А деңгейінің тапсырмаларын орындау үшін оқушыларда күрделі емес есептеулер мен түрлендірулерді, теңдеулер мен теңсіздіктерді шешудің стандарт тәсілдерін меңгеру бойынша базалық білімдері мен дағдылары болуы тиіс;

— В деңгейі – күрделілігі орташа деңгейдегі тапсырмалар;

  • С деңгейі тапсырмаларын орындау үшін оқушыларда оқу бағдарламасымен бекітілген көлемде терең теориялық білімі болуы тиіс.

Оқыту бағытын ескере отырып, бақылау жұмысындағы емтихан тапсырмаларын келесідей бөлуді ұсынамыз:

1) қоғамдық-гуманитарлық бағыты үшін үш тапсырма — А деңгейі, екі тапсырма — В деңгейі, барлығы 5 тапсырма (3А + 2В);

2) жаратылыстану-математика бағыты үшін үш тапсырма — А деңгейі, екі тапсырма — В деңгейі, бір тапсырма — С деңгейі, барлығы 6 тапсырма                        (3А + 2В + С);

3) математика пәнін тереңдетіп оқытатын мектептер (сыныптар) үшін әр деңгейден екі тапсырмадан, барлығы 6 тапсырма (2А + 2В + 2С).

Алгебра және анализ бастамалары бойынша емтихан жұмысын бағалау

Математика пәнінен бағаны қою кезінде маңызды және маңызды емес қателерді атауға болады (кесте)

 

Қате түрлері

 

Маңызды Маңызды емес
Оқушылардың формулаларды, ережелерді, негізгі қаиеттерді, теоремаларды білмейтінін және қолдана алмайтынын көрсететін қателер Анықтамаларды, теоремаларды, теориялық материалды беруде   дәлділіктің болмауы
Оқулықта қарастырылған есептерді шығару тәсілдерін білмеуі Графиктерді салуда дәлділіктің болмауы
Функция графиктерін салу мен оқуды білмеуі Тиімсіз шешімді қолдануы
Логикалық қателер Түсініктеменің, шешуді негіздемеуінің жеткіліксіз болуы немесе болмауы
Түбірдің жоғалуы немесе жауабында бөгде түбірдің болуы Жазуларда, сызбалар мен графиктерді салуда ұқыптылықтың болмауы
Жауапта қысқартылатын бөлшектің, бөлімінде иррационал өрнектің жазылуы

 

Емтихан жұмысын бағалау кезінде маңызды және маңызды емес қателердің сипаттамасына көңіл бөлінуі керек. Маңызды және маңызды емес қателерді ажырата білу өте маңызды. Көрнекті емес жағдайларды міндетті түрде негіздеу қажет. Мысалы, теңдеудің екі жағын квадраттауды түсіндіру, квадрат теңдеудің жалпы формулаларын, тригонометрия формулаларын және т.б. жазу қажет емес. Бірақ бөгде түбірдің болуын, түбірлердің болмауын, жазық фигураның ауданын және дененің көлемін табуды суретте қосымша сызықтарды  жүргізуді және т.б. міндетті түрде негіздеп көрсету қажет.

Алгебра және анализ бастамалары бойынша емтихан жұмысын бағалауға келесі ұсыныстар беріледі.

 

Жазба емтихан жұмысын бағалау

 

«5» «4» «3» «2»
Жұмыс толығымен орындалған:

5 (ҚГБ), 6(ЖМБ, тереңдетіп оқыту) тапсырма

Жұмыста  4 (ҚГБ), 4 немесе 6 (ЖМБ, тереңдетіп оқыту) тапсырма дұрыс орындалған (деңгейіне байланысты емес) Жұмыста 3 тапсырма дұрыс орындалған  (деңгейіне байланысты емес) Тапсырмалардың жартысынан көбі орындалмаған
Жұмыста математикалық қателер жоқ Бір қате немесе түрлендірулер мен есептеулерде, суреттер мен графиктерде екі-үш кемшіліктер жіберілген Екі-үш қате немесе түрлендірулер мен есептеулерде, суреттер мен графиктерде үш-төрт кемшіліктер жіберілген, бірақ оқушы міндетті білім мен білікті меңгерген Білім алушының тақырып бойынша міндетті білім мен біліктігін меңгермегенін  көрсететін үштен артық қате жіберілген
Материал мазмұнының логикалығы және толықтығы Материалды беруде кейбір дәлелсіздіктер жіберілген. Материалды беруде логикалық тұрғыдан қателер жіберілген, материал толығымен ашылмаған Материалды беруде логика сақталмаған

 

Алгебра және анализ бастамаларының жазба жұмысын рәсімдеу

Емтихан жұмысын рәсімдеуде емтихан тапсырмаларын орындау барысында келесі  талаптар сақталуы тиіс:

— есептің шығарылуының дұрыстығы;

— есептің шығарылуының негізделуі;

— есептің шығарылуының толықтығы;

— есептің шығарылуының тиімділігі;

— емле ережесінің сақталуы.

Суреттер, кестелер, графиктер және т.б. қарындашпен салынады.

 

Қазақстан тарихы пәнінен ауызша емтихан билеттер арқылы жүргізіледі. Билет саны – 25. Әр билет 3 сұрақтан тұрады,  оның ішінде 2 сұрақ Ежелгі Қазақстан тарихынан бастап бүгінгі күнге дейінгі негізгі тарихи оқиғалар мен кезеңдердің теориялық материалдарынан тұрады.

Емтихан билеттерінің құрылымы мен мазмұнын қарастырамыз:

1-сұрақ ежелгі және орта ғасырдағы Қазақстан тарихы материалдарын;

2-сұрақ жаңа және қазіргі замандағы Қазақстан тарихы курсын;

3-сұрақ  практикалық сипаттағы тапсырмаларды (тарихи карталар, термин сөздермен жұмыстар, тұлғаларға тарихи сипаттама т.б.) қамтиды.

 

Емтихан билеттерінің құрылымы мен мазмұны

 

Сұрақтар саны Сұрақ  бойынша ең жоғарғы балл Жауап түрі
1 сұрақ

Ежелгі немесе ортағасырлардағы Қазақстан тарихынан

1 10 Ауызша
2 сұрақ

Жаңа немесе қазіргі замандағы Қазақстан тарихынан

1 10 Ауызша
3 сұрақ

Практикалық сипаттағы тапсырмалар

 

1 10 Ауызша,

жазбаша

Барлығы 3 30

 

               Әрқайсысы ең жоғары 10 балмен бағаланатын 1 және 2 сұрақтарды бағалауға қойылатын талаптар:

–       базалық деңгейдегі жауапқа  1-6 балл;

–       жоғары деңгейдегі жауапқа  7-10 балл.

Базалық деңгей:

—  Қазақстан тарихындағы негізгі  фактілерді, құбылыстар мен процестерді әлемдік тарихтың құрамдас бөлігі ретінде қарастыра білуі, тарихи оқиғаларды уақыт шеңберімен баяндай алуы.

Жоғары деңгей:

— тарихи білімдерін теориялық, фактологиялық, хронологиялық, картографиялық қосымша деректер арқылы және тарихи тұлғаның қоғамдық саяси қызметі мен ұлт тарихында алатын орнын салыстырмалы талдауы негізінде себеп-салдарлық байланыстарды анықтау, жағдаяттарды талдау;

— жинақтау, бағалау негізінде ой қорытынды жасау.

         Тарихи карталармен; тірек-сызбалармен; хронологиялық тізбектермен; тарихи тұлғаларды сипаттау; иллюстративтік материалдарды талдау жұмыстарын жүргізу кезінде билеттің 3-ші сұрағын ең жоғары 10 ұпаймен бағалауға қойылатын мынадай талаптар ұсынылады.

         Осыған сәйкес бағалау өлшемдері:

—       Қазақстан тарихындағы негізгі  фактілерді, құбылыстар мен үдерістерді тарихи карта арқылы көрсету;

  • тарихи фактілерді, құбылыстар мен үдерістерді тірек-сызбаларға түсіру, хронологиялық тізбек құру;
  • тарихи тұлғаның қоғамдық саяси қызметі мен ұлт тарихында алатын орын бағамдау;
  • иллюстративті материалдар арқылы оқиға желісін баяндау.

 

Бағалау өлшемдері

 

Өлшемдер Балдары
1 Жалпы білім деңгейі

 

1
2 Нақты проблеманы білу және тарихи дереккөздерін пайдалану

 

5
3 Логикалық жане талдамалық ойлау, құрастыруы және баядау стилі

 

2
4 Тарихи материалды ашу жөніндегі дағдылар

 

1
5 Сындарлы қорытынды жасау және ой қорыту қабілеті 1

 

Ескерту: Билеттің әрбір 3 сұрағына жауап 10 (он) балмен бағаланады. Жалпы алғанда, 3 сұрақтың ең жоғары жиынтық балы 30 балды құрайды.

Сұрақтарға жауап беру барысында жинақтаған балды бес баллдық бағалау  жүйесіне ауыстыру өлшемі.

Есептеу шкаласы

Бағалудың бес балдық жүйесі бойынша баға «2» «3» «4» «5»
Жалпы бал 0-4

 

5–16 17–24 25–30

 

Емтихан жұмысының ұзақтығы сыныптағы оқушы санына (параллелдердегі) байланысты. Мектеп бітірушіге емтихан билетін алғаннан кейін 20 минут уақыт дайындыққа беріледі.

Емтиханда заманауи техникалық құралдар мен құрылғыларды қолдануға тыйым салынады. Барлық қосымша қажетті материалдарды (карталар, сызбалар, кестелер және т.б.) мұғалім дайындайды.

Қорытынды

 

Орта білім берудің мазмұнындағы сапалы өзгерістер бағалау жүйесіндегі өзгерістерге алып келеді.

Білім мазмұнының ажырамас бөлігі білім алушылардың оқу жетістіктерін объективті және сенімді бағалау болып табылады.

Барлық кезеңдерде білім мен білікті тексерудің әртүрлі тәсілдері болды. Тарихи даму процесінде бағаны қою формалары, амал-тәсілдері, бақылау-өлшеу іс-шараларын өткізудің жиілігі және олардың мазмұны, білім алушыларға ықпал ету шаралары, уәждемелік элементтері мен көптеген басқа факторлары өзгерді.

Бағалаудың критериалды-бағдарланған тәсілін және дихотомикалық жүйесін пайдалану жаңа білім стандарттарына көшу жағдайында білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың объективті және сенімді деңгейін ерекше арттырады.

Бағалаудың тиімді мазмұны, ұйымдастырушылық негізі мен аталған технологияның моделі Қазақстанның бірқатар мектептеріне (НЗМ, Мирас және т.б.) енгізілу нәтижесімен расталады, бұл критериалды бағалау нәтижесінің сандық және сапалық параметрлерін анықтауға мүмкіндік берді.

Осыған сәйкес, жаңа бағалау жүйесінің рәсіміне тұлғалықты емес, іскерлік бағдарды жатқызуға болады, яғни әрекет процесінің бағасы бағалау нәтижелерінен басым болуға міндетті.

Ынталандыру мен көтермелеуді білім алушылардың оқу әрекетінің амалдарын, өзіне адамгершілік қасиеттердің үздіктерін қалыптастыру тәсілдерін, атап айтқанда, өз алдына қойған міндеттерге қол жеткізудегі талпынушылық, қажырлылық, ұйымдастырушылық қабілеттерін табысты меңгеруге бағытталған.

Бағалау рәсімін ұйымдастыру кезінде өзінің адамгершілік қаситеттерін арттыру мен қолдауда кез келген білім алушының өзін-өзі сыйлауы, өзін-өзі танытуы сынды маңызды қажеттіліктерінің бар екенін ұмытпауымыз керек. Ол осы білім алудағы, сыныптастары және мұғалімдерімен қарым-қатынастағы қажеттіліктерін қанағаттандыра ма, әлде жоқ па, ол білім беру қызметіне деген түбегейлі қарым-қатынасқа байланысты.

Аталған әдістемелік ұсынымдамада «Ана тілі және әдебиет», «Алгебра және анализ бастамалары», «Қазақстан тарихы» пәндері бойынша емтихан материалдары жөнінде түсініктеме беріледі. Әдістемелік ұсынымдамада емтихан материалдарының мазмұнын іріктеу тәсілдеріне шолу жасалады, емтихан үлгілері мен тапсырмалардың түрлері баяндалады, емтиханды ұйымдастыру және дайындау жөніндегі талаптар қалыптастырылған, емтиханға қатысушылардың емтихан жұмыстарын бағалау бойынша ұсынымдама беріледі, тапсырмалар үлгілері келтірілген.

 

 

Мазмұны

 

Кіріспе…………….…………….…………….…………….…………………. 3
1 Мектеп бітірушілердің қорытынды аттесттауын ұйымдастыру…………..

2 Мектеп бітірушілерді қорытынды аттестаттаудың мазмұнына қойылатын талаптар, бағалау өлшемдері…………………………………………….

Қорытынды……………………………………………………………………………………….

4

 

8

21

 
 
 
 

 

 

 

МЕКТЕП БІТІРУШІЛЕРДІҢ ҚОРЫТЫНДЫ АТТЕСТАТТАУЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ДАЙЫНДАУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫМДАМА

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Басуға 20.12.2016 ж. қол қойылды. Пішімі 60×84 1/16.

Қағазы офсеттік. Офсеттік басылыс.

Қаріп түрі «Times New Roman». Шартты баспа табағы 27,9.

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

«Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы» РМҚК

010000, Астана қ., Орынбор көшесі 4, «Алтын Орда» БО, 16-қабат

 

 

 

 

 

 

 

 

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа