«Мектепке жол» республикалық акциясы

Ақтөбе қаласының білім бөлімі, Ақтөбе облысы әкімі Б.Сапарбаевтың  қолдауы  бойынша 2018 жылдың 19 сәуір күні «Бақытты бала-мәңгілік ел» жобасы аясында №1 орта мектебінде оқушыларға мерекелік дастархан жайылып, концерт ұйымдастырылды.

 

___________________________________________

Бақытты бала — Мәңгілік ел кепілі

Педагогический коллектив КГУ «Средняя школа №1» города Актобе в рамках акции Бақытты бала — Мәңгілік ел кепілі поддержали в трудный жизненной ситуации семью малообеспеченной женщины с ребенком. Оказала материальную помощь, продукты питания, одеждой, привезли угол и дрова.

Сегодня в доме Нургазиной Жанат будет тепло и уютно в первый раз за всю зиму.

Администрация выражает благодарность учителям и сотрудникам школы.

____________________________________

«Мектепке жол» акциясы

 

2017 жылдың  1- тамызы мен 30-тамызы аралығында  республикалық «Мектепке жол» акциясы өткізілді.Акцияның өткізілу мақсаты аз қамтылған,көп балалы отбасыдан шыққан және жетім балалар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған  оқушыларға материалдық көмек көрсетіп,оқумен қамтылуыен қадағалау.Осы акция мақсатында арнайы жоспар құрылып іске асырылды.Мектеп мұғалімдері мөлтекаудандарға қарасты үйлердегі пәтерлерді аралап балалар мен ата аналардың тұрмыстық жағдайын қадағалады.Тұрмыстық жағдайы төмен аз қамтылған,көп балалы және жетім оқушылардың тізімі жасақталып көмек көрсетілді.

 

 

________________________________________________________________________________

 

Жақсылық жасай білейік!

 

Қанша нарық заманында өмір сүрсек те, айналамызда адамды бейжай қалдырмайтын игі істердің жасалып жатқанын жоққа шығара алмаймыз.Дәл осындай  игі істер арқылы біздер болашақ ұрпақты дұрыс бағытта тәрбиелеп келе жатқанымызға сенеміз.

2018 жылдың қаңтар айында Ақтөбе қалалық білім бөлімі, қалалық білім беру саласы кәсіподақ ұйымы және Ақтөбе облысы бойынша Қазақстанның іскер әйелдері ассоциациясы бірлесіп қала мектептерін мейірімділік пен кішіпейілдікке шақырған болатын.

Айта кету керек, өткен жылы наурыз айынан бастап Қазақстан іскер әйелдер ассоциациясының бастамасыменен көмекке мұқтаж адамдарға тегін киім, аяқкиімдер беретін «Игі істер» деп аталатын дүкендер ашылған болатын. Ақтөбе қаласында мұндай екі дүкен бар. Олар «Шығыс» және «Алтай» базарларында орналасқан. Дүкендер ашылғалы бері 3000-нан астам отбасы көмек алды. Дүкендерді жыл мезгіліне байланысты маусымдық киімдермен толықтыру қажет. Біз де бұл акциядан шет қалмау мақсатында мектебіміздің ата-аналары мен оқушыларына қала төңірегінде болып жатқан акция туралы хабарлап атаған мезетте –ақ мектебіміздің ата-аналары мен оқушылары қажетті киімдер қатарын толықтырып демеу көрсеткен болатын

 

 

                         «Қайырымдылық асыл қасиет»

 

Қаңтар айының 10-ы мен ақпан айының 10-ы аралығында «Қайырымдылық асыл қасиет» акция аясында  біздің мектебіміз белсенділік танықан болатын.Акция барысында Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе Өңірлік Мемлекеттік Университеті студенттері белсенділік танытып мектебімізде білім алып жатқан бірнеше оқушыға оқу құралдарын жаңартуға көмек берген болатын.Мектеп ұжымы атынан көмек көрсеткен әр жанға алғыс білдіреміз.

Қайырымды болуды ұмытпайық,қайырымды болайық!

 

 

 

«Жүректен жүрекке»

20 ақпан күні «№1 орта мектеп» КММ-де Қазақстан Республикасы және ғылым министрлігінің бастамасымен жыл сайын «Қамқорлық» дәстүрлі акция аясында жетім,ата-ана қамқорлығынсыз қалған және мүгедек балаларды қолдау мақсатында мектепте қайырымдылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды.Жәрмеңкеге мектеп мұғалімдері,оқушылары және ата-аналары қолдау көрсетіп үлестерін қосқан болатын.Мектеп ұжымы атынан мектебіміздің ата-аналарына алғысымызды білдіреміз!!!

 

 

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа