Күйзеліссіз емтихан

Ата-аналарға психологиялық кеңес

 

Емтиханды сәтті тапсырудағы құпиялық, баланың ата-анасының көңіл күйіне және қарым-қатынасына тікелей байланысты.

Балаға емтиханға жақсы дайындалудағы ең жақсы көмек ретінде төмендегі бірнеше кеңесті орындап көріңіз:

Емтихан болсын, сынақ болсын, тест болсын – бұл оқушылар, ұстаздар және ата-аналар үшін стресс болып келеді. Егер емтиханды сынақ ретінде емес, оны тәжірибе алу, зейін мен ұйымдастыру қабілеттерін шыңдау деп есептесе, онда жағымсыз эмоциялар мен стрестер өзі-ақ жоғалады.

Балаларыңызға сынаққа тиімді дайындалуда көмек көрсету үшін келесі кеңестерге назар аударыңыз:

— балаңызға түсіністікпен қарап, жақын болуға, сөйлесуге тырысыңыз. Сынамаңыз. Ұрыспаңыз.

— үйде дайындалу үшін балаңызға ыңғайлы жұмыс орнын жасаңыздар. Сіздің балаңыз дайындалған кезде, ешкім оған бөгет жасамасын.

— балаңыздың бөлмесіне сары немесе күлгін түстерді енгізу керек. Олар ақыл-ойды белсендіреді. Ол үшін жай ғана суреттің бейнесі болса да болады.

— тесттік тапсырмаларды орындаған кезде балаңызға уақытты дұрыс бөлуді үйретіңіздер. Егер балаңызда сағат болмаса, емтиханға барар алдында оған сағат беріңіз.

— балаңызды ешкімнің баласымен салыстырмай, мадақтап, олардың өз-өзіне сенімін жоғарылатыңыз.

— балаңыздың ішетін тамағына көңіл аударыңыз. Балық, ірімшік, жаңғақ, өрік және т.б. ми жұмысын белсендіреді.

— емтихан алдында толыққанды демалу үшін жағымды жағдай жасаңыздар. Өйткені ол жақсы ұйықтап, демалу қажет.

— емтихан қорытындысынан кейін балаңызды сынға алмаңыз және оған ашу байқатпаңыз.

Сабаққа дайындалу барысында үйде қолайлы жағдаймен қамтамасыз етіңіз.

Баланың өзіне деген сенімділігін арттырыңыз, әрқашан көңіл күйін көтеріп, қолдап, демеп отырыңыз.

Баланың дайындық тәртібін бақылап отырыңыз, көп жүктеме болмасын.

Баланың дұрыс тамақтануына мән беріңіз.  Оның ішінде балық, қаймақ, жаңғақ, курага және т.б. бас миының дұрыс жұмыс жасауын арттырады.

Емтиханға бір күн қалғанда

— Балаларыңызға мүмкіндігінің аз екендігі туралы айтпаңыз.

— Отбасылық қарым-қатынасты дұрыс сақтаңыздар.

— Балаңыздың ұйқысының дұрыс болып, физиологиялық тұрғыда шаршамауын талап етіңіз.

— Егер бір нәрсені оқып үлгермесе, дұрысы талап етпеңіз, керісінше дем алып, көңіл көтеруіне мүмкіндік жасаңыз.

— Таза ауада достарымен, ең жақын адамдарымен серуен жақсы әсер етеді.

— Кешкі аста дастархан басында рухани қолдау сөздер айтыңыз.

— Балаңыздың ерте жатып, дұрыс ұйықтауын қадағалаңыз.

Емтихан күні

Балаңыздан ерте тұрып, оятып, бүгінгі таң ол үшін сәтті атқанын сендіріп айтыңыз.

Суық суға жуынуын, гимнастикалық жаттығулар жасауын қадағалаңыз.

Емтихан күні психологиялық қолдауды қалай көрсетеміз?

Таңертең балаңызға қолдау көрсетіңіз. Бәрі сәтті болатындығына сендіріңіз.

Есіңізде болсын, ең бастысы – баланы қобалжу мен қорқудан арылтып, оның дайындалуына қолайлы жағдай жасау.

 

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа