Жұмыс жоспары

Ақтөбе қаласы «№1 орта мектеп» КММ

2017-2018 оқу жылындағы  дарынды балалармен жүргізілетін жалпы 

 жұмыс жоспары

  

«Адамды бір нәрсеге үйретіп қажеті жоқ, бар болғаны оған өзіне керекті

                               жаңалықты ашуға көмек беру қажет»    

                                                                                   Г. Галилей

            Ел Президенті өз жолдауында «Біздің жас мемлекетіміз өсіп-жетіліп, кемелденді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының өрісі биік, денсаулығы мықты өкілдері болады», — деп  атап көрсетілгендей, өз ұрпағының жауапты да, жігерлі болып, өрісі биік жеткіншекті тәрбиелеуде мұғалімнің жаңаша ойлау түрін педагогикалық ғылыми тұрғыда ұйымдастырғанда ғана қол жетеді. Бұл міндетке дарынды балаларды таңдау және олардың бойындағы ерекше қасиетті бағалап, өмірден өз орындарын табуға көмектесу де қосылады.

            Мектепте оқу-тәрбие жұмысындағы әдіс-тәсілдің қай-қайсысы болсын, негізінде оқушылардың сана-сезімін, ақыл-ойын дамытуды мақсат ететін болғандықтан, олардың да дара ерекшеліктерін біліп, санасып отыру қажет. Бұл ұстаз-парызы.

 

Міндеттері:

  • Баланың жеке тұлғалық ерекшеліктерін дамыту, оны қоғамда өмір сүруге психологиялық тұрғыдан дайындау
  • Балалардың кәсіби және  жеке даралық қабілетін анықтай алуына психологиялық –педагогикалық көмек көрсету

 Дарындылық үш параметрмен анықталады:

  • Танымдық жеке дамуы.
  • Психологиялық жеке дамуы.
  • Физикалық дамуы.

Дарынды балалармен жұмыс жүргізудің мақсаты:

— баланың шығармашылық қабілетін және өз бетінше шығармашылық ізденісін дамыту;

— пәнге терең қызығушылығын арттыру;

— оқушының белсенділігін арттыру мақсатында даму деңгейін, танымдық белсенділігін арттыра оқыту;

— жалпы білім -білік дағдыларын дамыта оқыту;

— білімнің бағасын арттыру;

Дарынды балаларды анықтау мен олармен жұмыс ұйымдастыру

І. Дайындық жұмыстары (кімдер жұмыс істейді)

ІІ. Оқушылар арасынан қабілетті оқушыны анықтау (кіммен жұмыс істейді?)

ІІІ“Дарынды балалар” бағдарламасының жұмыс бағыттары:

 

Өткізілетін іс-шаралар өткізетін уақыты Жауапты мұғалім
1 Дарынды оқушыларды іріктеу

(Пән бірлестіктері арқылы)

кыркүйек Бірлестік жетекшілері, Алматова Т.К
  Дарынды оқушылармен жүйелі түрде қосымша сабақтар өткізу үнемі Пән мұғалімдері
  Ізденіс жұмыстарын (реферат, баяндама, сөзжұмбақтар, ребус, шығарма жазу, өлең шығару, т.б.) өз бетінше ізденіп оқуды ұйымдастыру, дамыту. Жыл бойы Пән мұғалімдері ,

Алматова Т.Қ

  Мектепішілік және қалалық,облыстық  пәндік олимпиадаларға, конкурс-сайыстарға, ғылыми-практикалық конференцияларға қатыстыру Кезеңінде Пән мұғалімдері, бірлестік жетекшілері,

Алматова Т.Қ

  Кенгуру, Ақбота, Русский медвеженок  интеллектуалдық марафонға қатыстыру Кезеңінде Пән мұғалімдері, бірлестік жетекшілері
  Дарынды оқушыларды зерртеу жұмыстарына , түрлі дебат-сайыстарына әзірлеу үнемі Пән мұғалімдері
   Дарынды оқушылардың шығармашылығын жинақтайтын портфолио жасау Жыл бойы Пән мұғалімдері, бірлестік жетекшілер
  Пән әдістемелік бірлестіктерінің дарынды балалармен жұмысын зерделеу Сәуір Бірлестік жетекшілері,

Алматова Т.Қ

 

 

 

Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Нашар көретіндерге арналған нұсқа